КҮНДІЗ КӨП ҰЙЫҚТАСА ОРАЗА БҰЗЫЛА МА?

КҮНДІЗ КӨП ҰЙЫҚТАСА ОРАЗА БҰЗЫЛА МА?

Ораза тұтушыға берілетін сауап оның сол құлшылықты сезінуіне тікелей байланысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Рамазанда аузы берік кісінің күннің көп бөлігін ұйқымен өткізуі оразаны бұзбайды. Тіпті күні бойы ұйықтаса да, оразасы дұрыс. Бұған қатысты, имам Науауи, Алла оны рақымына алсын: «Егер де тәулік бойы ұйықтаса да, адамның оразасы дұрыс» [1], - деген.

 

Ал, Ибн Құдама, Алла оны рақымына алсын: «Ұйқы оразаға әсер етпейді. Мейлі күннің барлық бөлігінде немесе кейбір уақытында болса да» [2], - деген.  

 

Десе де, Ораза тұтушыға берілетін сауап оның сол құлшылықты сезінуіне тікелей байланысты.

 

Айша анамызға (р.а.) Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  

إِنَّ لَكِ مِنَ الأَجْرِ عَلَى قَدْرِ نَصَبِكِ وَنَفَقَتِكِ 

 «Саған шаршауың және қаражат жұмсағаныңның мөлшеріне байланысты сауап беріледі» [3], - деген.  

 

Әуелгі өткен ізгілер рамазанның күндізінде бір, түнінде бір хатым түсірген. Құранға қатты көңіл қойған. Түнін тағы намазбен әсемдеген.

 

Кейінгілерге айтылар өсиет те осы: Рамазанды Раббыға жақындататын жақсы амалдармен көркемдеу керек. Бір тәулік уақытыңыздан ұйқыға да үлес бөліңіз. Бірақ, оны күн батқанша уақыт өлтірудің амалы етпеңіз.  

 

Демек, рамазанда уақытты мейлінше көп құлшылықпен, қайырымды амалдар жасаумен өткізу керек.

 

Алла сауаптан жазғай!   

 

 

 

Махамбет Бисенов

Ақтөбе облысы бойынша пәтуаға жауапты имам

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста