Лондондағы тұңғыш мешітті кім тұрғызды?
Лондон – көп халықтардың мәдениеттері тоғысқан қала. Қазіргі күні халқының 15% ислам дінін ұстанады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Ең алғаш рет ағылшын жеріне мұсылмандар 260 жыл бұрын келе бастаған көрінеді. Сол уақытта Кью-Гарденс қаласында тұңғыш мешіт бой көтерген.
Бұл туралы MyLondon сайты жазды.
Бір қызығы, мешітті мұсылмандар емес, шотланд-швед сәулетшісі Уильям Чемберс тұрғызыпты. Оған дейін мұсылман саудагерлері мен дипломаттары бұл елге жиі келіп жүргенімен, Лондонда тұрақтап қала алмаған көрінеді.
Мешіттің кейінгі тағдыры қалай болғаны белгісіз. Белгілісі – 24 жылдан кейін ол жерде мешіт болған жоқ. Яғни бір себеппен құлатылған.
Ал қазіргі күні оның орнында “Жапон қақпалары” тұр.
Лондондағы алғашқы мешіт туралы мәлімет тым жұтаң. Жуырда ол туралы Channel 4 журналисі Фатима Манжи өзінің 2021 жылы жазған “Жасырын мұра: Британияның Шығысқа деген жоғалған махаббатын қайта ашу” атты кітабында айтты. Ол Кью-Гарденстегі мешітті қалпына келтіру керек дейді.
Айта кетсек, Ұлыбритания мұсылмандары аталған мешіттен кейін 128 жыл өткесін ғана Уокингтен алғашқы құлшылық үйлерін ашты.