Мая күнтізбесі және қияметтің уақыты

Мая күнтізбесі және қияметтің уақыты

Соңғы жылдары Мая күнтізбесі туралы көп қозғалғаны мәлім. Оңтүстік Америкада бұдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген Маялықтар күнтізбе дайындаған, бұл күнтізбе 2012 жылдың 21 желтоқсанымен аяқталған. Кейбіреулер бұл мерзім қияметтің уақыты екенін алға тартып, жұртты біршама дүрліктіргені есте.

Әсілі қияметтің уақытына қатысты бұрын-соңды айтылған болжамдар бір бұл ғана емес. Жаратушы ие адам баласының өлетін уақытын құпия еткені секілді әлемнің соңы болып табылатын қияметтің уақытын да жасырған. Осы жасырын мәліметке қызыққандықтан, адамдар ол туралы түрлі болжамдарға барған. Бұған дейін де небір кісілер қияметтің болуы туралы нақты уақытты алға тартқанмен, айтқандары үнемі дұрыс болмай шыққан. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уә сәлләм) қияметтің болу уақытын білгісі келетіндерден оған қандай дайындық жасағанын сұрайтын, сөйтіп олардың көңілін негізгі мәселеге аударған.

Анығында, әркімнің өлімі – өзінің қияметі. Осы тұрғыдан қарасақ, адам үшін ғаламның соңы не болар екен деп ойлағаннан гөрі өзінің соңы не боларын ойлауы әлдеқайда қажеттірек. Неге десеңіз, өліммен бірге мәңгілікке жалғасқан өмір басталады әрі ол өмірден кері қайту мүмкін болмайды. Осы тұрғыдан қарағанда, Қияметтің уақытына алаңдау қажетсіз. Тіпті адамды негізгі алаңдаушылығынан алыстатуымен зиянды болуы да мүмкін. Ал енді Маялар алға тартқан деп айтылатын қиямет уақытына келейік.

Ойлап тапқан күнтізбесіне қарап, Маялықтардың астрономияға жүйрік болғанын көреміз. Тіпті жасаған бұл күнтізбе қазіргі күнтізбелерден де әлдеқайда нақты деп білінуде. Өйткені бүгін технологиялық құралдармен ғана анықталған мәліметтерді олар жалаң көзбен-ақ байқап, бақылай алған. Маялықтардың анықтауынша, Жаратушы ие адам баласы өмір сүрген уақытты 394 жылдық бөлікке бөлген. Бұл уақыт бөліктерін олар б.з.б. 3114 жылдың 12 тамызынан бастайды. 394 жылдан құралған осы уақыт бөліктеріне Маялар «Бактум» деген ат берген. Олардың осы есебі бойынша, 2012 жылдың 21 желтоқсаны қияметтің орнауы емес, 13 Бактум кезеңінің аяқталып, 14 кезеңінің басталуын білдіреді екен.

Бұны қуаттайтын басқа да кейбір мәліметтер баршылық. Мәселен, Америка құрлығында өмір сүретін қызыл нәсілділердің болжамынша, 2012 жыл жаңа бір дәуірдің бастамасы болмақ. Осы аймақтың тағы бір тұрғындары Инкалардың айтуынша, 2012-ден кейін жаңа бір адам кейпі қалыптасатынын анықтап, ондай адамды «сәулелі адам» деп атаған.

Бұндай мәліметтер мүмкін негізсіз болар, дегенмен толықтай негізсіз деуге де келмейді. Олардың да астарында ақиқаттың ұшқыны болуы мүмкін. Неге десеңіз, Ұлы Раббымыз ешқандай қауымды пайғамбарсыз, иесіз қалдырмаған. Оларға бірқатар мәліметтер берген. Міне, Маялардың күнтізбемен анықтағанында өзіндік шындық та болуы кәдік. Бұған бірқатар мұсылман ғалымдардың да айтқандарын қоссақ, қияметтің алдындағы жағдай, атап айтқанда, мұсылмандардың шарықтап дамитындығы ғасырлар бұрыннан меңзелген болуы мүмкін.

Әрине, ең дұрысы Аллаға мәлім. 

islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/maya-kuntizbesi-jane-qiyamettin-uaqyty-1222/#gsc.tab=0

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста