Мәйіт жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу Исламда бар ма?

Мәйіт жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу Исламда бар ма?

Деректерге қарағанда, бұрындары қайтыс болған адамды жатқызып, ауашалаған үйге сүйек шыққан кештен бастап, әр күні ымырт жабылғанда жеті шырақ жағу үрдісі болған (мақтадан шиге орап сумайға шылап шырақты тұтандыратын). Бұл жеті күн жалғасатын. Мұны «шырақ жағу» дейді.

Одан бөлек «шам жағу» үрдісі бар көрінеді. Бұл - мәйіт жатқан үйге қырық күнге шейін шам жағып қою әдеті[1].

Аталмыш үрдістің екеуі де ескірген әдет-ғұрыптардан болып табылады. Мұндай ырымның тарихын Ислам діні таралмай тұрған шаққа жатқызуға болады. Бүгінде ішінара кездесіп жататыны болмаса, жалпы халық арасында ұмыт қалған рəсімдердің бірі.

Өлген кісіге арнап шырақ жағу - Христиан діні мен Яхуди (Иудаизм) дінінде кең етек алған үрдіс. Мысалы, Яхуди (Иудаизм) дінінде адам қайтыс болған күннен кейін туыстары қайғырып жеті күн бойы «шив-а (שבעה)» күнін күтеді. Осы жеті күн бойына мәйіт жатқан бөлмеде, не болмаса, сол үйдің бір жерінде шырақ жағып қояды екен. Мұндағы мақсат, өлген адамның рухы денені тастап кеткеннен кейін қайтадан шаңыраққа оралғанда, жарқырап жанып тұрған шырақ оны шаттандырсын деген ой[2].

Христиан дінінде де шырақ жағу ерекше қасиетке ие әрекет. Олардың түсінігі бойынша, шырақ (свеча) жағу - мінәжаттың нышаны және Құдайға деген ұмтылыстың, ықыластың көрінісі болып табылады. Оны әртүрлі жағдайларға арнап жағуға болады. Соның ішінде өлген кісінің рухына да арнап шырақ жағылады екен.

Ал, енді, шариғи тұрғыдан қарағанда, аталмыш әдет-ғұрыптар мұсылманшылыққа жат. Сондықтан да, арнай өліміне орай ырымдап мәйіт жатқан бөлмеге немесе үйіне шырақ жағып қою – харам болып табылады. Исламда о дүниелік жағдайларға қатысты мәліметтер тек Құран мен сахих хадистерден алынады. Одан өзге әлдекімнің ой-қиялынан туындаған дүниелер яки бөтен діни түсініктен бастау алатын наным-сенімдер қабыл етілмейді. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!  

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста