Мәуліт қандай мереке?

Мәуліт қандай мереке?
Абдуссамад Махат
Мәуліт мейрамының тарихы

Кейбір ғалымдардың айтуын-ша, пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күнін атап өту рәсімі һижра жыл санағымен VI ғасырда (миләди XIII ғ.) пайда болған. Десек те, кейбір тарихи деректерге сүйенер болсақ, мәулітті тойлау һижраның ІІІ ғасырынан бастау алғанын көреміз. Сол кезге дейін бірде-бір мұсылман, ел басшысы немесе қара халық мәулітті тойламайтын.

Әйгілі мұсылман ғалымы Әс-Сахауидің бұған қатысты: «Мәуліт һижри жыл санағымен үшінші ғасырдан соң пайда болды. Содан бастап әлемде мұсылмандар мәулітті садақа берумен және «мәулітті» оқумен атап өтетін болды», – деген сөзі бар («Мұхаммед», Мұхаммед Риза).

Мәуліт – Хақ тағалаға мақтау, пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту.

Мұсылман тарихшыларының айтуынша, мәулітті ең алдымен «фатимиліктер» атауымен белгілі Убайда ұрпақтары бастады.

Фатимиліктер үш ғасыр бойы (һижра 296-567 ж.ж.) Мысырды билеп, сонда халифат (мемлекет) құрған болатын. Мәселен, әйгілі тарихшы Макризи өзінің «Әл-Хутат» атты еңбегінде фатими-ліктер жайында былай деген: «Фатимиліктер көптеген мейрам-ды заңдастырып, бәрін жыл бойы атап өтетін. Сол мейрамдардың ішінде мәуліт те болды…»

Мысырлық мүфти, шейх Мұхаммед Бұхайт Әл-Мутыи келтірген дерек көздеріне сүйенсек, мәулітті ең бірінші болып фатимилік патша Әл-Муиз атап өтті. Ол мәуліттің құрметіне салтанатты мейрам ұйымдастырып, мейрам барысында адамдарға сыйлықтар мен садақа таратқан.
Тарихтағы алғашқы мәуліт қуаңшылық пен аштық кезеңіне сай келгенін атап өткен жөн. Сондықтан, Әл-Муиз өткізген мәуліт, таратылған сыйлықтар мен садақа қалың жұрттың бір қажетін өтеді («Ахсану әл-калям фима йата`алләку бис-суннати мин әл-ахкам»).

Уақыт өте кресшілермен бол-ған күрестің қаһарманы сұлтан Салахуддин Әл-Айюби фати-миліктерді талқандап, оларды Мысырдан тықсыра қуды. Онымен шектелмей, сұлтан Салахуддин фатимиліктердің мейрамдарына да тыйым салды. Өйткені, бастапқы кезде мәуліт тек фатимиліктердің халифа-тында ғана аталып өтілетін еді.

Жоғарыда айтылған оқиғалардан соң һижра күнтізбесінің VI ғасырында Ибрил қаласының (Ирак) әкімі сұлтан Әл-Музаффар Әбу Саид Көкбөрі халықтың кейбірі мәулітті үйлерінде жасырын түрде атап өтетінін байқап қалады. Нәтижесінде, Әл-Музаффар мәулітке рұқсат беріп, бұқара халықтың мейрамы болуын ұйғарады. Сонымен қатар, ол шатырлар тігіліп, раби әл-әууәл айы бойы азық-түлік пен сыйлықтар таратылуын бұйырады. Осыдан соң мәуліт жыл сайын аталып өтілетін халықтық мейрамға айналды.
Сұлтан Әл-Музаффар қандай адам болды?

Имам Ибн Кәсир өзінің «Әл-Бидая уан-ниһайа» кітабында былай деген: «Әл-Музаффар Әбу Саид Көкбөрі өте қырағы, жаужүректі, адал адам болумен қатар, ғалым болатын» («Әл-Бидая уан-ниһайа», «Әл-Музаффар Әбу Са`ид Көкбөрінің басқаруы»).

Сондай-ақ, аталған кітаптың сол тарауында Әл-Музаффардың жомарттығы жайында айтылған. Мәселен, сұлтан Әл-Музаффардың жолаушыларға арналған арнайы конақ үйі болатын. Қонақ үйге кез келген жолаушы қабылданатын әрі олардың арасы бай-кедей деп бөлінбейтін («Әл-Бидая уан-ниһайа», «Әл-Музаффар Әбу Са`ид Көкбөрінің басқаруы»).

Сұлтан Әл-Музаффар мұқтаж-дарға жәрдемдесуді жақсы көретін. Сұлтан болғанына қара-мастан Әл-Музаффар тақуа-лықты ұнатып, киім әрі тамақта өте қарапайым болатын. Әл-Музаффардың зайыбы Рабағи айтады: «Әл-Музаффар киген киімнің құны бес дирһамнан аспайтын. Мен оған қымбатырақ киім киюін ұсынғанымда, ол: «Мен бес дирһам тұратын киім киіп, артылғанын садақа етіп бергенім артық», – деп жауап берді («Әл-Бидая уан-ниһайа», «Әл-Музаффар Әбу Са`ид Көкбөрінің басқаруы»).
Кезінде Рабиғаны ағасы сұлтан Салахуддиннің өзі Әл-Музаффарға үйлендірген болатын.

Сұлтан Әл-Музаффар жыл сайын мәулітке 300 мың дирһам, қонақ үйдің қажетіне 100 мың дирһам жарататын. Сонымен қатар Мекке мен Мәдинаға сый ретінде 30 мың дирһам жіберетін. Бұл Әл-Музаффардың жасырын берген садақадан тыс жұмсағаны («Әл-Бидая уан-ниһайа», «Әл-Музаффар Әбу Са`ид Көкбөрінің басқаруы»).

Демек, тарихи мәліметтерге сүйене отырып мәуліт мұсылман әлеміне сұлтан Әл-Музаффардың дәуірінде кеңінен тарады деп нық сеніммен айтса болады.

Мәуліттің кеңінен таралуына сопылар көп септігін тигізді. Себебі, сол дәуірде Ирбил қаласы сопылардың рухани орталығы қызметін атқаратын. Ирбилге мәулітті атап өту үшін келген сопылар, кейін өз елдерінде де атап өтетін болды.

Жоғарыда айтылған деректерден қорытынды шығарар болсақ:

1. Мәуліт мейрамын қалыптас-тырған фатимиліктер болды (һижра ІV ғасыр);

2. Тыйым салынғаннан соң мәулітті қайта жандандырған Ирбил қаласының әкімі сұлтан Әл-Музаффар Әбу Са`ид Көкбөрі (һижра VIІ ғасыр).
Мәуліттің таралу жолына келсек, һижра жыл санағының VII ғасырында бұл мейрам фатимиліктерден (Мысыр) Шам және Ирак тұрғындарына өтті.
Сонан соң пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күнін Мағрибте атап өтетін болды. Әдетте Мағриб басшылары мәуліт түндерін Алла Тағалаға мақтау, пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтумен өткізетін.
Осман халифаты дәуірінде мәуліт бүкіл мұсылман әлемінің ресми мейрамына айналды.

Яғни, мәулітті тойлау, оның бүкіл халықтық мейрамға пайғам-барымыздан (с.а.у.) соң алты ғасыр өткеннен кейін орын алды. Сол себепті мәуліт жайында Құранда не хадисте айтылмаған. Сонымен қатар, Исламның бастап-қы дәуіріндегі мұсылмандардың, яғни сахабалар мен мәзһаб имамдары-ның тіршілігінде де орын алмаған.

 

Мұсылман әлемі мәулітті қалай атап өтеді?

Мәуліт бүкіл мұсылман әле-мінде мейрам түрінде өткізіледі. Мәселен, Сирия, Мысыр, Ливия, Иордания, Тунис, БАӘ-де мәуліт мемлекеттік мейрам ретінде бекітіліп, бұл күні ресми демалыс болып есептеледі. Ал Пәкістанда пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні үш күн бойы тойланады.
Көптеген мемлекеттерде Раби Әл-Әууәл айы бойы мәуліт тақы-рыбында уағыз-насихат жүргізі-леді. Барлық жерде адамдар ме-шіттерге барып, онда Құран, мәу-літ оқылып, пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі жайында айтылады.
Сонымен қатар бірқатар мұ-сылман мемлекеттерінде газет пен журналдарда осы тақырыпта мақалалар жарияланып, теледидар мен радиоларда арнайы бағдарла-малар жүргізіледі. Кейбір мұсыл-ман мемлекеттерінде жоғары лауа-зымды тұлғалар мереке тойланатын жерлерге барып, мұсылмандарға құттықтау жолдайды.


Мәселен:
Сауд Арабиясында 24 қыр-күйек «Отан күні» ретінде ресми мейрам болып бекітілгенімен, мәуліт мемлекеттік деңгейде аталып өтілмейді. Дегенмен, Саудияның батыс аймағын мекен-дейтін халықтың басым көпшілігі және Мекке мен Жидданың кей-бір тұрғындары бұл күнді мей-рам ретінде атап өтеді. Олардың басым көпшілігі сопылық ағымды ұстанатындар.
Әдетте, мәулітті тойлайтындар туыстарының не болмаса таныстарының үйіне жиналады. Шариғат талабына сай әйелдер бөлек, еркектер бөлек отырады. Жиналған қауым Құран, хадис, пайғамбарымыздың (с.а.у.) тарихын оқиды. Сонымен қатар, дұға жасап, зікір, Алла Тағалаға мақтау, пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтады.

Мысырда мәуліт фатимиліктердің дәуірінен бері тойланып келеді. Әсіресе, бұл күн жасөспі-рім үшін үлкен мейрам болып есептеледі. Мәуліт ресми мейрам болуы себебінен барлық жерден сән-салтанаттың белгілерін көру-ге болады. Тәттілер молынан сатылады.

Үндістанда мәуліт дәстүрлі діни мейрам түрінде қалыптасқан. Бұл елде мәуліт күні мұсылмандар мешіттерге шоғырланып, дін қайраткерлері мен ғалымдар пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі жайында әңгіме етеді. Сонымен қатар, мереке дастарханы жайы-лып, қонақтарға тағам ұсынылады.

Ливан мен Камерунде мәуліттің құрметіне мешіттерде уағыз айтылып, жамағатпен намаз оқылады. Мұқтаждарға садақа таратылады. Сонымен қатар, Құран мен мәуліт оқылады.

Нигерияда мұсылмандар жиналып Құран оқиды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тарихы әңгімеленеді. Жиналған жұртқа тәттілер мен ас беріледі.

Түркияда мәуліт ресми мейрам болмағанымен, пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күні барлық жерде аталып өтіледі. Тарихқа көз жүгіртсек, Түркияда мәуліт сұлтан Мұрат ІІІ (1574-1595 жж. миләди) дәуірінде тойлана бастаған. Қазіргі күні аталмыш мейрамның құрметіне мешіттер әшекейленіп, мұсылмандар арнайы тағам әзірлейді. Мәуліт раби әл-әууәл айының 12-ші жұлдызынан басталып, бір айға созылады.

 

Ислам ғалымдары не дейді?

Ғалымдар мәулітке қатысты түрлі көзқараста екенін айта кеткен жөн. Олардың бір тобы мәулітке бидғат іс ретінде қараса, екінші тобы оның аталып өтуіне оң көзбен қарайды, әрі екі топтың да ғалымдары өз көзқарастарын түрлі жолмен дәлелдеуге тырысады.

Мәулітке қарсы ғалымдар өз көзқарастарын мына дәлелдерге негіздейді:
Біріншіден: Құран мен сүннетте пайғамбарымыздың туған күнін тойлауға қатысты ешқандай нұсқау жоқ;

Екіншіден: үшінші ғасырға дейін ешбір мұсылман, яғни сахаба, табиғин не болмаса ғалым мәуліт жайында әңгіме етпеген. Табиғин – сахабалардың көзін көрген мұсылмандар. Мәселен, мәзһабымыздың имамы Әбу Ханифа;
Үшіншіден: мәуліттің мұсыл-ман болмаған қауымдардағы жеке тұлғаның туған күнін тойлау мейрамымен ұқсастығында. Сондықтан, мәуліт сүннетке сай емес, бәлкім өзге  діндегілердің  дәстүріне ергенмен тең. Ал бұл шариғатқа қайшы іс.


Ал тойлауға оң көзбен қарайтын ғалымдарға келер болсақ, олардың пікірінше:

Біріншіден: көптеген мұсылман мемлекеттерінде түрлі мейрамдар ресми түрде аталып өтіледі. Мәселен, пайғамбарымыздың (с.а.у.) Отаны Саудияда 24 қыркүйек «Отан күні» ретінде тойланады. Ғалымдардың қайсысы осы мейрамның шариғатқа қайшы екенін айтып жатыр? Ал пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі өзге мейрамнан маңыздылығы мәселесінде қай жағынан кем?!
Екіншіден: кез келген мемлекетте атақты тұлғалардың туған күні белгіленген күнтізбектер бар. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі қарапайым адамның туылғанынан кем оқиға болғаны ма?

 

Ғұламалардың мәулітке қатысты айтқандары

Имам Суютый, тәпсір сала-сында беделді «Әл-Жәмиу ли ахкамиль-Қуран» атты еңбектің авторы: «Менің пікірімше, адамдардың мәуліттің құрметіне жина-лып Құран оқуы, Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығы, дүниеге келуі турасында әңгіме етуі, ысырапкершіліктен сақтанып ас ұсынуы Нәбиге (с.а.у.) деген  құрмет ретінде жасалған игі әрі сауапты іс және қуаныш», – деген.
«Сахих Әл-Бұхари» атты хадистер жинағына түсініктеме жазған имам Ибн Хажәр Әл-Аскаләни мәуліт жайында сұралғанда, былай деп жауап берді: «Рас, мәуліт жаңа іс. Бұл іс бастапқы үш ғасырда өмір сүрген мұсылмандардан мұра ретінде жетпеді. Дегенмен, дінге қайшы істерден сақтанса, мәуліт жақсы іс болады. Мен мұны хадисте айтылған мына жағдай-мен байланыстырамын. Расулулла (с.а.у.) Мәдинаға һижрат еткен кезде сондағы иудейлердің Ашура күні (мухаррам айының оныншы күні) ораза ұстап жүргенін байқады. Нәби (с.а.у.) оразаның себебі жайында сұрағанда, олар: «Осы күні Алла Перғауынды теңізге батырып, Мұса пайғамбарды (ғ.с.) құтқарған болатын. Біз Тәңірге шүкіршілік ретінде осы күні ауыз бекітеміз», — деп жауап берді. Сонда Расулулла (с.а.у.): «Негізі ораза ұстауға сендерден гөрі біз лайықпыз», – деп үмметіне сол күні ораза ұстауды бұйырды… Ал рахмет пайғамбары Нәбидің (с.а.у.) дүниеге келуінен артық сый бар ма?! Ендеше, пайғамбарымыздың  (с.а.у.) туған күнін тойлауға осы айтылған жайттар негіз бола алады. Сондықтан, мәулітте бар ынтаны Алла Тағалаға шүкіршілік етуге бағыттау керек. Ал шүкіршілік дегеніміз – Құран оқу, мұқтаждарды тамақтандыру, садақа беру, пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту, ізгі амал істеуде көрініс табуы тиіс».

Имам Ибн Әл-Хадж Әл-Мәлики бұл жайында: «Біз Хақ Тағаланың ұлық сыйы үшін шүкіршілік пен көп құлшылық етіп, ізгі амал істеуіміз керек… Мәуліт түні жайдары болу, көп салауат айту Нәбиге (с.а.у.) деген құрмет болып табылады», – деген.

Хафиз Абдур-Рохим Әл-Ираки болса: «Бір мейрамды атап өту, мұқтаждарды тамақтандыру қашан да мұстахаб (жақсы) амалына жатады. Көптеген мұстахаб амалдар орындалуы міндетті амал ретінде қабылданып жатқанда, бұл айда осы ай-тылғанға қоса Нәбидің (с.а.у.) дүниеге келуіне қуанып, мәз-мейрам болу айыпты іске жата ма?», – деп мәулітті мерекелеудің еш сөгеттігі жоқтығын айтады.

Шейх Мұхаммед Аләуи Әл-Малики: «Біз мәулітті атап өту және Нәбидің (с.а.у.) тарихын тыңдау, оған салауат айту үшін жиналу, мұқтаждарды тамақтандыру және соның құрметіне қуану дұрыс деп ойлаймыз», – дейді.
«Сахих Муслим» түсінікте-месінің авторы имам Науауидің ұстазы шейх Әбу Шама бұл мейрамға анықтама беріп: «Біздің дәуіріміздегі жақсы амалдың бірі – мәулітті садақа берумен, уағыз айтумен және өзара жайдары болумен өткізу. Осының бәрі Нәбиге (с.а.у.) деген сүйіспеншілік пен құрметтің әрі Алла тағалаға болған шүкіршіліктің белгісі».

Біздің дәуіріміздің әйгілі ғалымы, шейх Юсуф Әл-Қардауи пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күніне қатысты: «Алла тағала өзінің рахметі етіп жіберген Нәбидің (с.а.у.) тарихы мен оған тән қасиеттерді еске алу мүмкіндігін пайдалану бидғатқа жата ма?», – деп оның дінімізге еш қайшылығы жоқ екендігін айтады.

Біздің дәуіріміздің тағы бір атақты ғалымы, шейх Мұхаммед Саид Рамазан Әл-Бутый: «Мәуліт қазіргі күні өткізілетін діни конференция тәрізді іс. Ілгеріде конференциялар өткізілмесе де, конференция бидғатқа жатпайды. Бар мәселе мәуліт барысында дінге қайшы іске жол берілмеуінде», – деп түсініктеме берген.

Шейх Нұх Әл-Қада, Иордания мүфтиі: «Нәбидің (с.а.у.) дүниеге келуі Хақ Тағаланың ұлық сыйы екенінде күмән жоқ. Сол үшін бізге бұл күні қуану міндетті», – деген.

Шейх Омар ибн Хафиз есімді ғұлама: «Мәуліттің құрметіне жиналу – шариғат бұйырған бір игі істі істеу, Құран оқу, Алла тағаланы зікір ету, Нәбиге (с.а.у.) салауат айту, мұқтажды тамақтандыру, Хақ Тағаланы ұлықтау, Оған дұға ету, ілім алу сынды жақсы амалдар үшін жиналғанмен тең амал», – деп өз ойын білдірген.

Бұдан мәулітті тойлаудың дінімізге еш қайшы емес екендігін көруге болады. Сондықтан пайғамбарымыздың (с.а.у.) туған күнін атап өтіп, оған (с.а.у.) салауат айту сауапты істердің бірінен екені даусыз.

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста