«Мешітке халықтың тілі тиіп еді»: Кейбір діншілдер жер жердегі өрттің мешітке тіл тигізгендердің кесірінен болып жатқанын айтып жатыр
Алланың жердегі үйі мешітке тіл тигізбеңіз, қарсы келмеңіз, жазасы ауыр.
Еліміздің әр аймағында болып жатқан өрт оқиғалары елді алаңдатып қойды. Қазір оған әркім өзінше болжам жасау үстінде. Оған тіпті жуырда ғана Елордада ашылған мешіт туралы теріс пікір жазғандарды айыптау басталды, деп жазады медиа порталы.
Ерсейіт Әлімов есімді оқырман фейсбуктегі парақшасында мынадай тұжырым жасады.
«Құдайдың қалауынсыз қурай да сынбайды деген сөзді еш ұмытпаңыздар! Өткенде мешітке халықтың тілі тиіп еді, бүгін күнде халыққа өрт тиіп жатыр.
Еш мойындамаңдар!
Басқа пәле келмейді,
Алла жазбайынша.
Алла пәле жазбайды,
Адам азбайынша.
Мәләнә Руми, деп жазды.
«Алланың жердегі үйі мешітке тіл тигізбеңіз, қарсы келмеңіз, жазасы ауыр. Өрт халқымызға келген сынақ, оған күмәніңіз болмасын. Алла жар болсын тәуелсіз Қазақ еліне!», «Бұл нәрсе мешітке байланысты емес, әдейілеп ӨРТ қойған, оны Министрдің өзі айтты журналистерге», – деп жазды оқырмандар.