Мешітте бос сөз сөйлеуге болмайды!

Мешітте бос сөз сөйлеуге болмайды!

Қатардағы көп намазханның бірі ретінде (өкінішке орай) жиі байқап, қылжылатынымыз (әйтпесе бұл туралы сөз қозғап неміз бар) мешітте отырып, кезекті намазын күткен жамағаттардың кейбірі ауыз жаппай, дүнияуи бос сөзге үйір. Мұнысымен қоймай ұялы телефонымен де сөйлесіп, жанындағыларды мезі етеді. Бірер ауыз ескерту жасағанды жақтырмайды. Өзінікін жөн санап, айтысып, тартысуға дейін барады. Әлбетте, мешітте дауыс көтеруге де, дүнияуи бос сөз сөйлеуге де мүлдем болмайды. Ұялы телефондарын мешітке кірерде өшірулері қажет. Бұл жайлы мешіт әдебінде де жазылған. Имамдар айтып та жүр. Дегенмен көпшіліктің аты көпшілік. Мұны біреуі білсе, екіншісі біле бермеуі мүмкін. Өйткені, жасырып жабары жоқ діни білім деңгейлері көтере түсуді қажет етеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Мұсылман жоқ іздеген жолаушы сияқты. Оның өмір бойы іздейтіні білім», деген хадисіне амал етпейтін бауырларымыздың бары шындық. Намазға енді ғана бас қойған ағайындарымыз да мұны ескере бермеуі, ашығын айтқанда білмеуі мүмкін. 

Осы жағдайды ескере отырып, мешітте дүнияуи бос сөз сөйлемеудің қажеттілігі хақында (исламтанушы Сейітбек Құтышевтің түпнұсқадан тәржімалаған) бірқатар сахих хадистерді ой салар деген ізгі ниетпен жамағат назарына ұсынбақпыз.
Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ақырзаман жақындағанда бір қауым шығады, олар мешітте (емін-еркін) әңгіме-дүкен құрады (әңгімелеседі). Алла тағала ондай адамдарды керек етпейді», - дегенін естідім» (Ибн Хиббан).
Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақырзаман жақындағанда сондай қауым шығады, олар мешіттерде жиналып, топ-топ болып отырып айтатын әңгімелері тек дүние сөзі. Олармен бірге отырмаңыздар. Алла ондай адамдарды керек етпейді» (Мужам ал кабир лит-Табарони).
عنПайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мешітте намаз оқып, зікір етуден өзге тірлік үшін босқа уақыт өткізбеңдер», - деді (Мужам ал кабир лит-Табарони)
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мешітте Құраннан, Алланы зікір етуден және жақсылық (діни мәселе) жайлы сұраған сауал мен оған берілген жауаптан өзге сөздердің барлығы да бос сөз» - деді (ад-Дайлами).
Саиб ибн Язидтан (р.а.): Бір күні мешітте отырғанымда, біреу маған қарай қиыршық тас лақтырды. Бұрылып қарасам Омар ибн Хаттаб (р.а.) екен. Ол маған:
– Анау екі кісіні маған алып келші, - деп, екі адамды көрсетті. Мен әлгі екеуін оның алдына ертіп бардым. Сонда Омар (р.а.) олардан:
– Қай жерден боласыңдар? - деп сұрады.
– Тайф қаласынан, - деп жауап берді.
Сол кезде Омар (р.а.) екеуіне:
– Егер жергілікті болғандарыңда Расулуллаһтың (с.ғ.с.) мешітінде дауыс көтергендерің үшін сазайларыңды берер едім, - деді (Бұхари).
Әбу Саид ал-Худари (р.а.) айтты: Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ихтикәфта еді. Мешіттегі кісілердің дауыстап Құран оқып жатқандарын естіді де, пердені ашып:
– Сендер Аллаға құлшылық етіп жатырсыңдар. Дауыстарыңды көтеріп бір-бірлеріңе зияндарың тимесін, - деді (Әбу Дәуіт).
Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Мешітте дабыра көтермеңдер (дауыс көтеріп сөйлемеңдер)», - дейтін. Бір күні мешітке кірген кезде екі кісінің дабырласып жатқан дауысын естіген Омар (р.а.) оларға жетіп барды да, біреуін салып қалып:
– Қай жерденсің? - деп сұрады.
– Сақифтанмын, - деп жауап берді. Омар (р.а.):
– Мешітімізде дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, - деді (Нафиғ жеткізген).
Бұл сахих хадистерден түйгеніміз мешітте бос сөз сөйлеуге де, дауыс көтеруге де, сол арқылы дабыра жасауға да мүлдем болмайтыны айқын аңғарылып тұрған жоқ па?! Бұл біріншіден, шариғатқа қайшы, екіншіден, әдепсіздік әрі қасиетті құлшылық орны мешітке деген құрметсіздік. Үшіншіден, жамағаттың құлшылығын бұзып, оның Аллаға деген көңілін бөлу. Өзін мұсылман санайтын әрбір бауырымыз мұны жадына берік сақтап, мешітте неғұрлым алаңсыз құлшылық жасау арқылы мол сауап алуға тырысқаны жөн емес пе?! Намаз күтіп (зікірде) отырған діндес бауырыңызды да ренжітпеңіз, онымен сөзге келіп, көңіл-күйіңізді де бұзбаңыз, (өзің үміттенген) сауапты да кемітіп алмаңыз дегіміз келеді. Өйткені, мешіт құлшылық орны екенін қашан да есіңізден шығармаңыз!

Оңғар қажы Өмірбек, Қазақстанның құрметті журналисі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста