Миғраж қандай түн?

Миғраж қандай түн?

Миғраж түні – Миғраж сапары хижреттен бір жарым жыл бұрын Ережеп айының жиырма жетінші түнінде болды. Миғраж, сенімді дерек көздеріне қа-рағанда, Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.) бұрын болған. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) пыраққа мініп түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушының құзырына шыққан болатын. Сөйтіп үмметіне екі дүниенің бақытына кенелетін теңдесі жоқ сый – намазды әкелген еді. Пенде намаз оқыған сәтте бейне бір миғражға көтеріліп, Алланың құзырына барғандай әсерленеді.

 

Пайғамбарымыз мен пыраққа (бурак) мініп, жер бетінен көкке көтерілдім. «Пырақ» — бұл жұмақтан келген жануар еді. Жәбірейіл (ғ.с) қасымда болды деген. Миғраж түнінен кейін Жәбірейіл (ғ.с) пайғамбарымызға (с.а.у) намаздардың уақыттары мен оның оқу тәртібін үйретеді. Сол күнге дейін ол Ибрахим (ғ.с) намаз оқығандай, күніне екі рет таң мен кешкі уақыттарында екі рәкағаттан төрт рәкәт намаз оқып жүретін еді.

 

Пайғамбарымыздың бұл мұғжизасын барлық мұсылмандар үлкен нығмет әрі құрмет деп қабылдаулары тиіс. «Намаз момындардың миғражы» — деп Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың үмбетіне миғраж дәрежесінде жүретін намаз ғибадатын сыйлады.

 

Сондықтан, осы түні көптеп нәпіл намаздар оқуымызға болады.

 

Жалпы Миғраж түні туралы кеңінен тарқатып айтар болсақ...

 

«Миғраж түні» пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) Меккедегі әл-харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра (түнгі сапар) жасаған. Түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады. Одан миғражға яғни көкке көтеріліп, өзінен бұрын өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықтағы періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі аяттарын көріп, Онымен тілдесті. 5 уақыт намаз осы түнде парыз етілді. «Миғраж» пайғамбарымыздың ең үлкен мұғжизаларының бірі. «Мұғжиза» Аллаһтың құдіретімен жүзеге асатын, адамдардан тек пайғамбарларға ғана тән, таңғажайып құбылыс. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Аллаһтың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді. Аллаһ Тағала 7 пайғамбарға миғражды сыйлаған. Олар: Адам, Ыдырыс, Ибрахим, Мұса, Жүніс, Иса (ғ.с) және Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарлар. Осы түнде Жәбірейіл (ғ.с) пайғамбарымызға (с.а.у): «Ей, Мұхаммед, Аллаһ Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырды», — дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл (ғ.с) Мұхаммед (с.а.у) ті әл-харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы Аллаһ Тағала қасиетті Құранда: «Аллаһ пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Аллаһ Тағала) бір түні өз пендесін (Мұхаммедті) әл-харам мешітінен төңірегі тұнған береке-байлық әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Аллаһ Тағала) естуші әрі көруші» («Исра» сүресі, 1 аят), — деді.

 

Міне, ережеп айы Рағайып және Миғраж түндерімен де құнды. Қасиетті күндер мен түндерден басқа күні жасалған әрбір игі іс, Құраннан оқыған әрбір әріптің сауабы жүз немесе мыңға дейін көбейсе, бұл қасиетті айлар мен түндерде тіпті еселенеді. Сондықтан, бұл айларда қолымыздан келгенше, Құран оқып, дұға жасап, кешірім тілеп, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, ораза ұстап, нәпіл намаз оқып, мүмкіндікті өткізіп алмауға тырысқанымыз абзал.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп бұйырады: «Мені мұқият тыңдаңдар! Ережеп адамдардың ұрыс-керіске араласпай тыныш, бейбіт жүретін Алланың айы болып табылады. Кімде-кім жүрегімен сеніп және шын пейілмен маңыз беріп, Ережеп айында бір күн ораза ұстаса, Ұлы Алланың ризалығына бөленеді»; «Ережеп – Алланікі, Шағбан – менікі, Рамазан болса, үмбетімнің айы» (Дәйләми, Фирдаус ІІ, 275).

 

Ұлы Раббымыз Ережеп айын мүбәрак етіп, қасиетті Шағбан және Рамазан айларына аман-есен жетуімізді нәсіп етсін!

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш қалалық мешітінің  имамы

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

 

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста