Мұсылман үшін сүннеттің орны қандай?
Сүннет – пайғамбардың (с.ғ.с.) өмір сүру тәсілі. Кез келген кәсіби білікті және білімді маман өзінің саласын жақсы білгені сияқты пайғамбар (с.ғ.с.) да өзінің міндетін жетік білген жан. Сол үшін пайғамбар ретінде бұл дүниеде һәм ақыретте абыройлы болу жолында қалай дұрыс өмір сүру керек екенін жанындағыларға үйреткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбар (с.ғ.с.) өзі амал етіп және сол амалды біздің де орындауымызды қалады. Сүннетті құрмет тұтып, қолдан келгенше соған сәйкес өмір сүру (отбасында аяулы әке, қызметте адал, қоғамда отан сүйгіш азамат, мәміледе жақсы және т.б.) мұсылман үшін жәннатқа апаратын жол.
Мұсылман баласының асқақ арманы – жәннатқа лайық болу. Бұған қатысты пайғамбар (с.ғ.с.) мынадай хабар берген: «Менің сүннетім бойынша өмір сүрген және оны үйреткен адам – мені жақсы көреді. Мен жақсы көрген адам – жұмақта менімен бірге болады» (Термези. Ғылым 16/ 2678).