Мұсылмандықта әйел – сұлтан.
Дініміз әйелге көп қадір берген. Ал еркекке көп жауапкершілік жүктеген. Исламда әйел үй ішінде және сыртында жұмыс істеуге, ақша табуға мәжбүр емес. Тұрмыста болса күйеуі, тұрмысқа шықпаған болса әкесі, әкесі жоқ болса, ең жақын еркек туысы еңбек етіп оның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мәжбүр. Жақын туысы жоқ болса немесе кедей болса, “Бәйтул мал”, яғни мемлекет қазынасы әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті.
Исламда күнкөріс жүгі еркекпен әйел арасында бөлісілген емес. Ешбір еркек әйелін бақшада, фабрикада немесе қандай да бір жұмыс орнында еңбек етуге мәжбүрлей алмайды. Егер әйел өзі қаласа және күйеуіде разы болса әйел өзіне ыңғайлы болған жұмыста істей алады. Бірақ тапқан табысының бәрі өзінікі болады.
Мұсылман әйелі сауда-саттық, ғылым, өнеркәсіп, егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануына, ақша табуына тыйым салынған емес, харам да емес. Бірақ бұлармен шұғылданғанда және ілім үйренгенде еркектер арасына кірмеулері, оларға ашық күйде көрінбеуі, харамнан ұзақ болуы керек. Әйелдің жасаған күнәларының жазасын оған сол күнәні жасауға рұқсат берген еркек де тартады. Ал еркектің жасаған күнәсінің әйелге зияны жоқ.
Мұсылман әйелдің үй істерін жасауы оның ихсаны (жақсылығы) өте сауапты болады. Жасамаса күнә емес. Ешкім мәжбүрлеп жасата алмайды. Расулуллаһ алейһиссаламның дәуірінен осы күнге дейін мұсылман әйелдер бұл ихсанын жасап келген.
Әрбір әйел бір еркектің қызы, не әпке-қарындасы немесе әйелі не болмаса анасы. Әйелдерге жаман, әбес нәрселерді лайық көрмеу керек. Оларды лайықты түрде қадір тұту керек. (Р. Насихин)
Хадис шәрифте былай делінген:
«Мүмин жаман мінезді деп әйеліне ашуланбасын! Жақсы мінезі де болады.»(Мүслим)
«Әйел әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!»(Ибн Лал)
«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.»(И. Лал)
«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)
«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)
«Әйелдерді тек текті және абыройлы адам ғана қадір тұтады. Оларды тек жаман және төмен адамдар ғана қор көреді.» (И. Асакир)