МҰСЫЛМАНША ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАЙЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ (ФОТО)

МҰСЫЛМАНША ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАЙЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ (ФОТО)

Қазақ халқы ғасырлар бойы күнделікті өмір тіршілігінде, соның ішінде адамның дүниеге келуі мен қайтыс болуына қатысты рухани-діни рәсімдерді орындауда мұсылманға тән мәдениетті ұстанып келеді.

Алайда соңғы уақыттағы діни рәсімдердің шариғат нормаларына сәйкес келмейтін өзгерістерге ұшырай бастағаны байқалады. Мысалы, қабір басына құлпытас ретінде орасан үлкен ескерткіштер мен зәулім қоршаулар орнату т.б. Бұл әрекеттер қоғамның әртүрлі өкілдері, оның ішінде ақсақалдар мен дін мамандары тарапынан жиі-жиі сынға ұшырауда. Қала берді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына шағым түсуде.

Осы үндеу аталмыш рәсімдердің шариғатқа сай орындалуын тәртіпке келтіріп, зират тұрғызу мен зиярат жасаудың, кесене салудың жалпыға ортақ, біріңғай мәдениетін қалыптастыру үшін әрі облысымыздың барлық өңірлерінде қолдану мақсатында  2020 жылы желтоқсан айының оны күні «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» мен «Зират және зиярат» құжаты негізінде әзірленді

ЗИРАТ КӨТЕРУ

1. Қабірдің тереңдігі- 1м. 80 см. Ені-1м. Ұзындығы- 2м. 20см.
2. Қабірге жерленген кісінің кім екендігін айқындау мақсатында және жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқ асты болмауы үшін оған шағын белгі (құлпытас) қоюға рұқсат. Қабірге биіктігі 1 метр, ал ені 50 сантиметрден аспайтын құлпытас қою, құлпытасқа марқұмның толық аты-жөнін, туған және қайтыс болған күндерін жазу.
3. Жерлеу орындарында зәулім ескерткіш немесе биік күмбез орнатуға, мешіт, медресе, құлшылық ету орындарын тұрғызуға болмайды.
4. Зираттың аумағын тарылтатын, яғни өзге мәйіттер жерленетін орындарды қажетсіз пайдалану яки кедергі келтіру шариғат бойынша құпталмайды.
5. Зират қоршалған жағдайда әрбір қабірге жеке-жеке қоршау жасаудың қажеті жоқ.
6. Құлпытасқа марқұмның суретін қоюға рұқсат етілмейді.
7. Қабір басындағы бұрын жасалып қойған құрылыстарды бұзудың қажеті жоқ.
8. Қабір көтеруге кететін шығынды тірілерге жұмсау – әлдеқайда сауапты.
9. Тазалықты сақтау, зират маңын ластамау, қоқыс тастамау міндетіміз.
10. Зират ішінде темекі шегу, насыбай ату сынды т.б. жөнсіз

Құдайы астың негізгі мәні – көпшіліктің басын қосып марқұмға Құран бағыштап, дұға жасау, Алла Тағаланың мейірімін, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатын тілеу, пендешілікпен өткен қателіктері мен күнәлары үшін Жаратқаннан кешірім сұрау.   Марқұмның атынан ас берілгенде, негізгі ниет – бір Құдайдың разылығын ғана табу болуы тиіс. Одан өзге ниет – астың сауабын кемітеді. Асқа Құран оқыту үшін жергілікті мешіттің ресми имамын шақырған жөн. Көпшілік жиналған Құдайы астарда Алланы еске алудың, шынайы сенім мен имандылықтың маңызы жайлы, сауапты істер туралы имамның қысқаша уағыз айтқаны жөн. Құдайы ас той емес, жарыса сөз сөйлеу дұрыс емес. Әрі дегенде  асқа арнай келген жасы үлкен айтары бар екі-үш адам сөз алып, барша көпшіліктің атынан көңіл айтып, басу айтса жеткілікті. Құдайы аста ысырапшылдыққа жол берілмеуі тиіс. Осы орайда халықтың жағдайы мен қоғамдық пікірді ескере отырып, ас мәзірін ұсынамыз.
Хатым дастархан ас мәзірі
1. Ет, күріш.
2. Шелпек, бауырсақ.
3. Құрт, ірімшік, қоспа, талқан.
4. Май, қатық.
5. Қант, науат.
6. Құрма, өрік, мейіз.
7. Шәй.
Аталған ас мәзірін марқұмды еске алу барлық хатымдарында қолдануға, осы шаралардың орындалуына ат салысуға шақырамыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста