Нағыз қазақ – мұсылман қазақ

Нағыз қазақ – мұсылман қазақ

200 жылдығын халық болып тойлап, рухын асқақтатып жоқтап жатқан ұлтымыздың батыры, ақыны, күйшісі, елінің мұңын жоқтаушы біртуар көсемі болған Махамбеттің басын кескен кім?
Кез-келген көлденең көк атты кек ала салуға болатындай біреу емес, сондай киелі адамды, тапа-тал түсте, қатын-баласының көзінше өлтіруге қандай пенденің қолы барды?! Ол жасырынған, құпия қылмыскер емес, белгілі кісі. Батырдың жанашыр туысы, өз ауылдасы еді!
Осы қылмыскер рас, қазақ па? Күмәнсіз! Қаны, жаны, тілі, ділі – бәрі-бәрі мүлтіксіз қазақ. Біздің қазір арман қып жоқтап жүрген қазақылығымыздың қаймағы да осы қанды қол адамның бойында болғаны күмәнсіз. Сонда, бұл – Нағыз қазақ екен!
Бірақ, осы мұсылман қазақ па? Күмәнді! Шын мұсылман нақақ кісі өлтіру секілді ауыр күнә жасауға жүрегі дауаламайды. Кәміл мұсылман себепсіз тірі жәндікті өлтірудің асқан зұлымдық екенін жақсы біледі.
Онда, мақсат – нағыз қазақ болудан бұрын мұсылман қазақ болу емес пе?! Мұсылман қазақ – қазақтығын да, адамшылығын да сатпайды. Мұнапық  екіжүзді қазақтан мұсылман қытай сенімді, кәпір қазақтан мүмін орыс кісілікті десек, ұлттығы сыртқы көрінісі болғаны, ізгілігі – жүрегіндегі иманында екені даусыз.
Елдікті сақтау жолында «Жаным – арымның садағасы» деген, халқымыздың рухани туын көтерген көсемді топтанып барып, тобырлықпен өлтірген осы адамдар да адасушылар еді.
Осындай адасушылардың түрі бүгінде, көбейді дейді, дінтанушылар.
«Ата-баба жолы» деген «ақ», «көк», «сары» деп, түрлі-түрлі ат тағынып, қыруар қауымды соңынан ертіп жүргендер де түгел нағыз қазақтар.
Адасқандар өз жолын дұрыс санайды. Адасушыны – адасушы тапса, олар топ құрып топтанады. Топтасып, тобырланып адасқандар – секта деп, аталатын болды.
Хақ жол – жалғыз. Ол Құранда жазылып, пайғамбар (с.а.у.) арқылы үлгі етілген. Одан өзге жеке әулие, ғұламалардың бөлек жолы деген жоқ.
Қожа Ахмет Яссауидің жолы деген – дара жол болған емес, ол – хақ жолмен өзі дара тақуа. Яссауише жүрем десең Яссауи болып туу керек қой, оның жөні жоқ. Орташа пенделерге дара үлгі емес, ортақ үлгі ұсынылған. Ол – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үлгісі – хадис арқылы кейінгі үмбетіне мүлтіксіз жеткен үлгілері: Дін ұстанудағы құлшылығы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, ішіп-жеуі, кісілермен қатынасы, отбасындағы әдебі… пайғамбардың бар ісі, әр ісі – бар пендеге, әр пендеге үлгі. Ол дүниешілікті – дүниеге қызыққандардың жүрегіне кілт етіп тура жолға шақырса, дүниеге әуес еместерді, дүниешіліктен арашалап тура жолға бастаған. Бұдан өткен орта жол, бұдан өткен әділ үлгі бола ма? Дүниенің баянсыздығын бұдан өзге әдіспен, өзге бір жол көрсете ала ма?
Пенделік дәреже пенделік шамадағыларға нәсіп болған, оның жетер биігіне – талпынса кәміл мұсылмандық. Нағыз қазақтың да бар мұраты – мұсылман қазақ болу болса, арманның орындалғаны осы.

Абай Хамза,
жазушы-дінтанушы

namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста