НАМАЗ ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ МӘНІ ЖАЙЫНДА АБАЙ АТАМЫЗДЫҢ АЙТҚАНЫ
Енді намаздың аты - салауат, дұға мағынасында деген:
1. Аяқта, мойында болған мәсхлар - ол жумақ емес, өздері де жуулы деп көрсеткен ишараты.
2. Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз - егер алла тағаланы жоғарыда деп, мәкән исфат етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарық болдым, яғни дүние әуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдемдерінің ишараты.
3. Онан соң қиямда тұрып қол бағламақ - құл қожа алдында тұрмақ - бұқара патша алдында тұрғаннан артық алланың қадірлігіне өзінің ғажиздығына ыкрарының беріктігін көрсеткен ишараты.
4. Қыбылаға қарамақ - әрине, құдай тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да, зиратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, сондағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты.
5. Онан соң қираәт, яғни сураһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар.
6. Руқүға бас ұрмақ - алдында құда хазірге ұқсас, ол да ишарат.
7. Сәжделер - әуелі жерден жаралғанына ықырары, екіншісі - және жерге қайтпағына ықырары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықырарының ишараты.
8. Қағадат ул-ахир - дұғаның ақырында аллаға тахият, одан тәшәһһуд, одан салауат, пайғамбарымыз саллаллаһу ғалайһи уәссәлләмге айтпақ үшін ең ақырғы сәлемменен тауысасыз, яғни алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз, ол дұға қазинасына күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз.
Абайдың 38-ші қара сөзінен.
Кейбір сөздердің түсініктемесі:
Мәсхлар – сипаулар. Дәрет алғанда, дымқыл қолмен басты сипаймыз, мойынды сипаймыз. Соны мәсх тарту дейді.
Исфат/Исбәт – дәлелдеу, мәлімдеу. Алла тағаланың мекені жоқ, тұсы жоқ. Алла жоғарыда деп Оған тұс бермейміз. Алла жоғарыда деп айтатындар бүгінде сәләфит ағымының өкілдері. Біздің Ханафи-Мәтуриди ақидасында «Алла жоғарады» деп Аллаға бағыт, тұс бермейді. Абай атамыздың да айтып отырғаны сол. (Исфат - сипат тағу, сипаттау деген мағынада да айтылып тұрған болуы мүмкін).
Ғарық – бату. Намазды бастарда «Аллаһу әкбар» деп екі қолды құлақ тұсына көтеріп бастаймыз. Оны ифтитах тәкбірі дейді. Ифтитах тәкбірінде қолды көтергенде қолдың басбармағын құлақтың сырғалығына тигізеді. Мұны қазақша «құлақ қағу» дейді. Бұл – сүннет. Абай атамыз жоғарғы сөзінде «құлақ қағарда қолды көкірек тұсына емес, неғұрлым жоғары, сүннетте көрсетілгендей құлаққа дейін көтер. Олай етуіmazhab.kzң күнә батпағынан қолымнан тартып құтқар деуіңнің нышаны» деп отыр.
Ғажиздығына ықрары – әлсіздігін мойындауы.
Ықрары – мойындауы, саналы түрде қабылдауы.
Қағадат ул-ахир – Намаздағы соңғы отырыс. «әттахият отырысы».
Қысқаша түсініктеме жасаған: А. Қасым.