НАМАЗ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

НАМАЗ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айында Намаз оқып үйренушілерге арналған мобильді қосымшамыздың орыс тіліндегі нұсқасын іске қосылды.

Қосымшаны жүктеңіз

Бұл қосымша Ислам ғибадатының бастауы, діннің дінгегі, иманның нұры, мүміндердің миғражы болып саналатын ерекше құлшылық – «Намаз» жайлы толық әрі жан-жақты мағлұмат береді.

Сонымен қатар, Жаратушы Алланың разылығына бөлейтін ғибадат көздерінің ең үлкені және ең маңыздысы болып табылатын Намаздың оқылуын үйретеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтының әзірлеуімен жасалынған бұл қосымшада Әбу Ханифа мәзһабының негізінде намаз оқудың фото және бейне үлгілері берілген.

Намаз – ақыретте ең алғаш сұралатын амал. Осыған орай Әбу Хұрайра (р.а.) мына хадисті жеткізген: «Қиямет күні пенденің амалдарынан ең әуелі есепке алынатыны – намаз. Намазы дұрыс болса, онда пенде қуанышқа бөленіп, игілікке қол жеткізеді. Ал намазы дұрыс болмаса, онда күйзеліске ұшырап, қатты қайғырады. Егер пенденің парыз амалында кемшілік болса, Хақ тағала «Нәпіл амалдары бар ма екен? Сонымен парыздарының кем-кетігін толтырсын» – дейді. Әлгінің басқа амалдары да осы тәрізді есептеледі» (Тирмизи, Сунән, 2/269).

Бүкіл шарттарына сай толық орындалған намаз – Алла тағала жақсы көретін істердің ең мәртебелісі. Пайғамбарлардың сүннеті. Періштелердің ең сүйкімді ісі. Жер мен көктің нұры. Тән саулығының қайнар көзі. Рызық-несібенің берекесі. Дұғалардың қабыл болуына септігін тигізетін себептердің үлкені. Жан алғыш періштеге араша түсетін шапағатшы. Қабір әлемінде Нәңкір мен Мүңкір атты періштелердің азабынан құтқаратын жауап. Қиямет күнінде – жанға сая. Жәһаннам отына тосқауыл қоятын перде. (Қылдан жіңішке, қылыштан өткір) Сират көпірінен жай отындай жарқ еткізіп өткізетін пырақ. Жұмақтың кілті. Жұмақ жұртының киер тәжісі. Алла Тағала мүміндерге намаздан маңызды құлшылық жүктемеген. Егер намаздан артық ғибадат түрі болғанда, Алла тағала құлдарына соны міндеттер еді. Шын мәнінде, періштелердің бір шоғыры ұдайы намаздың қиямында, тағы бір бөлігі үнемі рукуғта, тағы бір тобы сәждеде, енді біреулері тәшәһһуд қалпында құлшылық етіп тұр. Міне, осылайша құлшылықтың хикметке толы қасиеттерін бір рәкағат намазға жинақтап, мүминдерге сыйлады. Ақиқатында, намаз – иманның басы, діннің тірегі, Исламның сөзі әрі мүміндердің миғражы.
Құрметті «Намаз – діннің тірегі» қосымшасының қолданушылары! Біз алдағы уақытта қосымша қызметін жақсартып, толықтырып отыратын боламыз. Сіздердің жылы лебіздеріңіз, ұсыныстарыңыз бен сын-пікірлеріңіз қосымшаның одан әрі дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Қосымшаға байланысты ұсыныс-тілектеріңізді мына электронды хатқоржынға жолдауларыңызға болады: muftyat@mail.ru

Қызметтер:

• Намаз жайлы толық ақпарат

- Намаз кітабы
- Намаз түрлері
- Намаз уақыттары

• Намаз оқу үлгісі

- Фото үлгісі
- Бейне үлгісі
- Жазбаша үлгісі

• Мультимедиа

- Сүрелер мен дұғалар
- Азан және қамат

• Қосымша

- Құбыла анықтау
- Намаз уақыттары
- Намазға қатысты терминдер

muslim.kz/kk/news/6463-namaz-uirenushilerge-arnalgan-mobildi-qosymsha-jaryqqa-shyqty.html 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста