Намазды не бұзады?
1. Намазда тұрып сөйлеу;
2. Намаздың бір парызын қалдыру;
3. Намазда тұрып ішіп-жеу;
4. Намазда тұрып сəлем беру, амандасу я болмаса сəлеміне жауап беру;
5. Бұршақтай бір нəрсе жұту;
6. Құбыладан денені бұру;
7. Таяммум( топырақпен дəрет алу) жасаған кісінің суды көріп, намаз оқу( дəретті сумен алмау);
8. Құранды мағынасын бұзатындай етіп оқу;
9. Таң намазын оқығанда күн шығу( күн шыққанда оқуға болмайды);
10. Дыбыс шығарып күлу;
11. Ер мен əйел бір қатарда тұру;
12. Əурет жеріміздің төрттен бір бөлігі ашық қалу;
13. Намазда талып қалу;
14. Намазда тұрып дəреті бар екендігіне күмəндану;
15. Имамнан озу;
16. Осырып қою.
Намазды не бұзбайды?
1. Еріксіз жөтелу, түшкіру;
2. Намазда тұрып, жылан, шаян сияқты зиянды жəндікті өлтіру;
3. Шамаға қарап намаз оқу( кəрілердің орнынан сəждеден кейін тізесін ұстап тұруға рұқсат).
Намаздың мəкруһтері:
1. Сүннет амалдарын орындамау;
2. Əдейі есінеу, керілу;
3. Киімінде, жайнамазында жанды нəрсенің суреті болу;
4. Жанып тұрған отқа, бір адамның бетіне, айнаға, нəжіс нəрсеге, мазарға қарап намаз оқу;
5. Дəрет қыстаған кезде намаз оқу;
6. Намазда көз жұму, көкке қарау;
7. Намазды лас, иісі жағымсыз жерде оқу.