НАМАЗДЫҢ РӘКАҒАТТАРЫНДА ШАТАСУ
Алла Тағала айтты: «Олар Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тәмамдайды». (Саф сүресі, 8-аят)
Кімде-кім оқыған намазының рәкағатына шек келтірсе (шатасса), қарау керек; Егер мұндай өмірінде бірінші рет орын алса, онда намаз қайта оқылады. Ал бұған дейін де бірнеше болса, тексеріп, соған қарай шешім қабылдайды, намазды қайта оқып қажеті жоқ. Ондайда жүректің куәлігі жеткілікті.
Мәселен, таң намазын оқығанда бір рәкағат қылдым ба, әлде екі ме деп, шек келтіріп, жүрегімен біреу болғанын үкім етсе, тағы бір рәкағат қосады. Мұндай шүбә орын алғанда сәһу сәждесіне жасайды. Керісінше екі рәкағат қылдым деп ойласа, отырып әттәхият пен сәлемнен кейін сәһу сәжде қылады. Бір тоқтамға келе алмаған жағдайда азын алады. Ондайда тағы бір рәкағат оқиды. Рәкағат соңында отырып, сосын тұрып, бір рәкағатты қайталайды. Өйткені біріншіден екі рәкағат оқыған болуы да мүмкін. Ондай кезде де намаздың соңында сәһу сәждесін қылады.
Төрт рәкағатты намазды оқуға кіріскен адам қылған рәкағатының бірінші ме, екінші ме екеніне шек келтіріп, шешім таппаса, бір рәкағат қылдым деп есептеп, әрбір рәкағаттың соңында ұқыппен бір рет әттәхият шамасында отырады. Сөйтіп үш рәкағатта да отырған болады. Өйткені бірінші саналған рәкағаттың екінші және үшінші саналған рәкағаттың төртінші рәкағат болуы да мүмкін.
Кімде-кім қылған рәкағатының екінші не үшінші екенін шатастырса, бұл рәкағаттың соңында отырмайды. Бір шешімге келе алмаса, мұны екінші рәкағат санап, қалған рәкағаттарын бітіреді. Бұл ақшам және пітір намазына қатысты емес. Бұл екеуінің бірінде шүбәға түссе, отыру қажет. Өйткені шүбәланған рәкағаттың үшіншісі болуы мүмкін. Ондайда бір рет отырған соң, бір рәкағат тағы қосылады. Өйткені шатасқан рәкағаттың екінші рәкағат болуы мүмкін. Бұлардан кейін де сәһу сәжде жасалады.
Төрт рәкағатты намаздарда қылған рәкағаттың төртінші ме, әлде бесінші рәкағат па, таң намазында қылған рәкағаттың екінші, әлде үшінші екеніне, ақшам намазы мен пітір намазында да қылған рәкағаттың үшінші не төртінші рәкағат екеніне шек келтірсе, қылған рәкағаттың соңында отырып, әттәхияттан кейін тұрып тағы бір рәкағат жасалады. Өйткені бұл рәкағаттардың үшінші, төртінші яки бесінші рәкағат болуы мүмкін. Ондайда қосылған бір-бір рәкағат арқылы артық мөлшер нәпіл қатарына кіреді. Ал соңында сәһу сәжде жасалады.