Нанды бір қолмен үзуге бола ма?
Нан жай тамақ емес, барлық халықтардың дәстүрлі өмір салтында маңызды орны бар азық. «Дастарқанда нан жоқ – тамақта мән жоқ», – деп бекер айтпаған қазақ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Ал енді қазақтың «нанды бір қолмен үзбе, жаман болады» деп айтуының астарында тағы да сол баяғы нанды құрметтеу тәрбиесі жатыр.
Дін ислам кісілікті, тәкаппарлықты айыптайды. Қазақтың бұл айтылған тыйым сөзіне пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегі хадисі нақты дәлел болмақ.
Пайғамбар (с.ғ.с.): «Нанды құрметтеңдер… Расында Алла оны ардақтады. Кім нанды құрметтесе, Алла Тағала оны құрметтейді», – деген.
Сонымен қатар келесі хадисте:
«Ішіңдер, жеңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер», – деп айтқан (Нисаи).
Бірінші хадис нанды құрметтеуге үндесе, екенші хадис адам баласының қалағанша ризық-несібеден алып жаратуына, ішіп-жеуіне рұқсат берумен қатар «менде дүние жетеді» деп ысырап қылуға, дандайсып кетпеуді ескертеді.
Ал енді адамның бұзықтығы, тәкаппарлығы оның басқаларды менсінбей сөйлеу мәнерінен, нанды бір қолмен үзіп жеуінен де байқалуы әбден мүмкін.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz