Нәпсі құмар пенденің көкірек көзі жабық болады

Нәпсі құмар пенденің көкірек көзі жабық болады

Қам қайда жасалады? О дүниеге жасалады. Қам кімде болмайды? Надан адамда болмайды. Қандай адам надан адам? Дінсіз адам надан. Қандай адам жауапкерсіз? Такаппар адам жауапкерсіз. Қандай адам мейірімсіз? Имансыз адам мейірімсіз. Қандай адам ең әлсіз адам? Нәпсіқұмар адам. Пайдасыз ғылым бола ма? Болады. Қандай ғылым пайдасыз? Дінсіз ғылым пайдасыз. Қандай сөз қадірсіз? «Мен-мен» деп басталатын көкірек сөз қадірсіз. Қандай сөз сиқыр? Өсек, сырттан айтылған ғайбат және өтірігін ішіне жасырған жалған мадақ сөз сиқыр. Қандай адам қауіпті? Жүрегінде Аллаһы жоқ немесе Аллаһқа сенімі жоқ адам. Қандай өмір мәнсіз? Ғибадатсыз сүрілген өмір. Қандай ата-ана жаман? Әуелі өздерін, сосын бала-шағасын дінге тәрбиелемейтін ата-ана. Қандай бала жаман? Ата-анасының тілін алмайтын, ата-анасын құрметтемейтін бала. Қайдай адам бейшара? Өзін-өзі бағаламайтын, өзін-өзі қадірлемейтін, аямайтын адам бейшара. Қандай адам ең сараң адам? Құдай берген байлықты Құдай жолына жұмысай білмеген пенде. Қандай адам ең білімсіз адам? Өзін Жаратқанды (Аллаһ) тануға бір де қадам баспаған адам ең білімсіз адам. Қандай адам ең бай адам? Қанағатшыл адам ең бай адам. Қандай адам ең парасатты адам? Өзінің аласасын білген адам ең парасатты адам. Қандай адам ең бақытты адам? Екі әлемін тең ойлаған адам ең бақытты адам.
Кімнен қорқу керек? Әуелі Аллаһтан қорқу керек. Ол қорқудың хақтану түрі. Сосын құдайсыз наданнан қорқу керек. Ол қорқудың хақсыздықтан сақтану түрі. Кімнен тәлім алу лазым? «Тек Аллаһ» деген шынайы мүміннен. Кімдерді құрметтеген жөн? Ата-ананы, жетім-жесірді, жоқ-жітікті, мүгедекті, құдайшыл ғалымды, дін жолындағы машайықты, жолаушыны, иманды ананы, иманды ұстазды, балаларды. Кімге құл болу керек? Жаратушы бір Аллаһқа. Неменеге адал болу тиіс? Аллаһтың дініне, мемлекетке, сүйген жарға, достыққа. Кімнің қызметкері болған абзал? Діннің, халықтың. Кімге көмектескен жөн? Міскінге, жолаушыға, жетім-жесірге, анаға, балаға. Нені адал атқару парыз? Аллаһ ісін, Ол міндеттеген барлық істі. Неден сақтану шарт? Дінсіздіктен, немқұрайдылықтан. Немқұрайдылық қайдан пайда болады? Ол – әуелі дінсіздіктен, сосын бейғамдықтан, сосын өте өзімсінуден. Қайшылық неден туады? Әуелі ақиқатты танымаудан, сосын өзекті ісін толық білмеуден. Астамшылдық қайдан пайда болады? Білімсіздіктен. Байлық не үшін беріледі? Нәпсіні сынау үшін беріледі. Кедейлік не үшін беріледі? Бардың қадіріне жету үшін беріледі.
Адам өле ме? Өлмейді, қайтады. Қайда қайтады? Келген жағына қайтады. Адамның келген жағы қай жақ? Ғайып жақ. Ғайып деген не? Бізге белгісіз, бірақ Аллаһқа еш те құпиясы жоқ ақиқат әлемі. Жақсылық кімдердің нәсібі? Жақсылық жасаушылардың нәсібі. Қандай болған ең жақсы? Қарапайым болған. Адамдар неге діннен алшақ? Көкірек көздерінің жабықтығынан, нәпсіге құмарлығынан. Адам дінді білмесе не болады? Дымды да білмейтін құдайсызға айналады.
Құдайсыздық деген не? Жаратқан Иесін – Аллаһты танымау. Адам дінді білмесе дымды білмейтінін қалай анықтауға болады? Жаратушы Аллаһын білмейтіндігінен, танымайтындығынан, Оның үкімдерін орындамайтындығынан анықтауға болады. Адам Аллаһты білмесе, танымаса не болады? Ақиқатты білмейді. Адам ақиқатты білмесе не болады? Адам үшін білуге тиісті ең маңызды істерді білметін болады. Адам үшін ең маңызды істер деген не? Аллаһтың барлығына, біреулігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, тағдырға, өлуге, қайта тірілуге, қиямет күніне сенімге шүбәсіздік.
Табиғат деген не? Аллаһтың жаратқан он сегіз мың ғаламы. Табиғатқа сену деген не? Аллаһқа сенбеу деген сөз. Табиғатқа кімдер сенеді? Аллаһты танымайтын, тану дәрежесіне көтерілмеген құдайсыздар сенеді. Ондайлардың ақуаты не болады? Екі әлемдік қорлықта болады. Сіз неден алаңдайсыз? Мен, Аллаһтың назарында болмай қалудан алаңдаймын. Оны қалай білуге болады? Оны – Аллаһтың жолында қылған ғибадаттар мен амалдардың жоқ немесе әлсіздігінен білуге болады. Ұрпақ ненің белгісі? Сенің мәңгілік еместігіңнің, бұ дүниеде мәңгі қалмайтындығыңның белгісі. Сүйіспеншілікті не деп түсінесіз? Жаратқанға махаббат деп түсінемін. Өлім ненің дәлелі? Шындықтың дәлелі. Өмірде жақсылық көп пе, жамандақ көп пе? Жамандық көп. Бірақ жақсылық жамандықтан мәңгі үлкен, жеңімпаз. Силықтың мәні не? Бағалау. Ең үлкен силық не? Мәңгі өлмейтіндігің. Көз неге берілген? Көрмеу үшін берілген. Нені көрмеу үшін? Харамды көрмеу үшін. Ақыл неге берілген? Тану үшін? Кімді тану үшін? Аллаһ жәаллаһ жәлалүһті тану үшін. Адамның жауы адам ғой, ә? Жоқ, адамның жауы нәпсісі. Білімді неге аз? Ашкөздің көптігінен аз. Білім деген не? Сенің білмейтіндерің. Өнер деген не? Сенің білгендеріңнің естелігі. Мәдениет деген не? Ол да – сол. Даңық неге астам? Екінің бірінің қолы жетпейтіндіктен астам. Күш деген не? Ол – сенің әлсіздігіңнің айнасы. Сенім деген не? Ол – екі әлемдік қорғаның, қыбыланамаң, алтын қазығың. Ауырудың мәні не? Тірі екеніңді білдіру. Сағыныш деген не? Рухтың шөлі. Ұмыту неге берілген? Әулие емес екеніңді білдіріп тұру үшін. Қуаныш деген не? Рухтың қанағаты. Ал, қайғы-шы? Жамандықтың көлеңкесі. Тану қайдан келеді? Рухтың тоғаюынан келеді. Рухтың тоғаюы дегеніміз не? Рухтың Аллаһ нұрымен нұрсәулеленуі немесе рухтан Аллаһқа қарай ашылған терезеден түскен Аллаһ ақиқатымен ақиқаттану, кемелдену, өзін-өзі тану арқылы Аллаһ құзырына қайту, хақтану.
Ал, шындық деген не? Шындық – күлліні Жаратқанды әрі жаратылғанды тану. Ендеше шындық кімнің нәсібі? Әсте бейғам еместің нәсібі. Адам неге қорқады? Аллаһын танымағаны үшін қорқады. Адам неге мақтанады? Олқылығын жасыру үшін мақтанады. Адам неге ашуланады? Рухтың аштығынан ашуланады. Пақырлық деген не? Аллаһ нәсіп еткеннен басқаға қолы жетпеу. Пақырлықтың мәні не? Адам өзінің Жаратушы емес екенін сезіну. Адам неге қартаяды? Мәңгі жас боп қалу үшін қартаяды. Көңіл деген не? Көз көргенді әспеттеу. Ал, енді күлкі-ші? Күлкі – рухтың шаттығы. Қасиет деген не? Қасиет – адамға бұ дүниеде берілген дәреже. Өтірік деген-шы? Өдамның өзін тірі өлтіруі. Көре алмау деген не? Адамның қарсысынан жеңілгенін мойындауы. Шамырқану деген не? Шамырқану – ақылды өлтіру. Қанқызу деген не? Адамның өзін-өзі ұмытуы. Силамау деген не? Адамның өзін-өзі жоғалтуы. Берекет деген не? Шүкір ету. Сұлулық деген-шы? Сұлулық – рухтың үндесуі. Мұның бәрі қайдан беріледі? Аллаһтан беріледі… Ең жаман нәрсе не? Аллаһты танымау. Ең жақсы нәрсеші? Аллаһты тану. Оның құзырына ұмтылу!

Құл Керім
namys.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста