Нәпсінің 3 түрі бар

Нәпсінің 3 түрі бар

Құранда нәпсінің үш түрі айтылған:

1. Жамандыққа бұйырушы нәпсі.

«Юсуф» сүресінің 53-аятында: «Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады...» дейді. «Мунаббихат» кітабында мынадай ғибрат сөз бар: «Расында шәһуатқұмарлық патшаларды құлға айналдырады, ал сабырлық құлдарды патшаға айналдырады. Юсуф пен Зулайханың қиссасын көрмейсіз бе?», - деген.

Иә, расында көптеген адамның сәтсіздіктеріне нәпсіге бой алдыруы себеп болып жатады. Құлқынына құл болып, өмірін құрдымға жіберіп жатқандар қаншама!? Нәпсінің айтқанына көніп, айдауына жүрген адам абыройдан айырылады. Өйткені, нәпсі тек жамандыққа үндейді. Жақсылықты, ізгілікті нәпсі жаны сүймейді.

2. Сыншыл нәпсі.

«Қиямет» сүресі, 2-аятта: «...сөгіс беруші нәпсіге ант» делінген.

Хасан Басри: «Расында, мүмін деп өзінің нәпсісін сынаушы адамды айтатынбыз. Ол өзіне айтқан сөзіммен нені қаладым, жеген тамағыммен нені қаладым деп үнемі өзін сынап отырады. Ал, пасық болса, қадам басқан сайын ауытқи береді, өзін бұл үшін жазғырмайды да», - деген екен. Яғни, бұл мүміннің нәпсісі. Шынайы мүмін үнемі өзінің әр іс-әрекетіне сын көзбен қарап, әр сөзі мен іс-қимылына өзі есеп береді. Ал, екіжүзді бұзық адам өз әрекетіне еш уақытта өкінбейді. Кісінің көңілін сөзімен ренжітсе де, әрекетімен біреуге зияны тисе де, еш өзін кінәлап, жазғырмайды. Жайбарақат жүре береді. Ал, аятта айтылғандай «лаууама нәпсі» иесі болған мүмін керісінше, әрбір сөзіне және ісіне аса мұқият. Хазреті Омардың «Есеп алынбай тұрып, өзіңе-өзің есеп бер» деген кеңесі осындай нәпсі мәртебесіне жеткізері хақ.

Ғұлама Мужаһид «сыншыл нәпсі» жайлы: «Ол жамандық істеп қойса, неге істедің деп жазғырады. Ал, жақсылық амал істесе, неге көбірек істемейсің деп сөгетін нәпсі», - деген екен.

3. Жаны жай тапқан нәпсі.

«Фажр» сүресінің 27-аятында Алла тағала: «Әй, орныққан нәпсі», - дейді. Тәпсіршілер бұл аят жайлы: «Аят Осман бин Аффан жайлы түскен» десе, кейбір ғалымдар Хамзаға қатысты түскен деген. Сағид бин Жабир (р.а.) риуаят етеді: «Бір кісі пайғамбар (с.ғ.с.) құзырында: «Әй орныққан нәпсі!» аятын оқыды. Мұны естіген Әбу Бәкір: «Уа, Алла елшісі, бұл қандай тамаша аят?», - деп таңырқады. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Уа, Әбу Бәкір! Расында періште бұл сөзді саған айтады», - деген екен».

Амамат риуаят етеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бір кісіге: «Аллам! Мен Сенен жай тапқан, Сенімен кездесетін күнге иман еткен, тағдырға риза болған, бергеніңе қанағат еткен нәпсі сұраймын», - деп айт», - деді.

Әрбір мұсылман «нафсул-лаууама», яғни сыншыл нәпсі иесі болғанды қалайды. Алайда, бұл дәрежеге жету жолындағы талаптарды орындағысы келмейді. Адамдардың көбісі «нафсун аммарат бис-су», яғни жамандыққа бұйырушы нәпсі иесі болып табылады. Алайда, оны мойындағысы келмейді. Аталған үш нәпсі сипаттамасына қарап өзінің қай топқа жататынын ажыратып алуға болады. 

Құранда нәпсінің үш түрі айтылған: 1. Жамандыққа бұйырушы нәпсі. «Юсуф» сүресінің 53-аятында: «Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады...» дейді. «Мунаббихат» кітабында мынадай ғибрат сөз бар: «Расында шәһуатқұмарлық патшаларды құлға айналдырады, ал сабырлық құлдарды патшаға айналдырады. Юсуф пен Зулайханың қиссасын көрмейсіз бе

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста