Неліктен пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен?
Аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммедтің (с.ғ.с.) істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса мән берген[1].
Осы екі күні апталық істеген істеріміз Аллаға ұсынылып, Оның құзырына көтеріледі. Пайғамбарымыздың аталмыш екі күні арнайы ораза ұстауының себебі сол. Алла елшісі өзінің бір хадисінде бұл жайында былай дейді:
Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық)істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]
[1]Тирмизи, Саум – №745 хадис.
[2]Тирмизи, Саум – №747 хадис.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу