Неліктен түшкірген кезде "әлхамдулиллаһ" дейміз?

Неліктен түшкірген кезде "әлхамдулиллаһ" дейміз?

Әссәләмуғалейкум! Түшкірген кезде «әлхамдулиллаһ» дейміз. Осыны неліктен айтамыз. Кейбір адамдардың пайымдауынша, түшкіргенде жүрек қысқа уақытқа тоқтайды. Сол әрі қарай тірі қалғанымыз үшін, әлхамдулиллаһ» деп айтады екенбіз! Нұрбол

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) түшкіріктің Аллаға ұнамды екендігін айта келе былай дейді:

«Түшкірік – Алладан. Есінеу – шайтаннан. Кімде-кім есінесе, аузын қолымен жапсын. Өйткені, есінеп «а-ааһ» деген заматта, шайтан ішінен күліп тұрады. Алла тағала түшкірікті жақсы көреді. Ал, есінеуді ұнатпайды» [1].

Басқа бір хадисінде:

«Шынында Алла түшкірікті жақсы көреді. Есінеуді ұнатпайды. Түшкірген адам Аллаға мақтау айтсын (әлхамдулиллаһ десін). Онысын естіген барлық мұсылманға «ярхамукәллаһ» деп жауап қайыру міндет (ақысы). Ал, есінеу болса, ол – шайтаннан. Қайсы біріңіз есінегісі келсе, қолдан келгенше оны болдырмауға тырыссын. Өйткені, есінеген кездеріңде Шайтан оның ішінде күліп тұрады»[2], - делінген.

Хадисте түшкіріктің ұнамды, әрі, Аллаға жағатын әрекет екендігіне баса назар аудартумен қоса, артынша «әлхамдулиллаһ» деп Аллаға шүкіршілік білдіру керектігін білдірген. Оның себебі неде?

Алла тағала біздің түшкірігімізге мұқтаж еместігі айтпасақ та белгілі. «Ұнамды» дегеніне қарағанда, одан адамға келер әлдебір пайданың бар екендігін ұғынуға болады.

Ерте шығыс медицинасында түшкіруді адам денсаулығына өте қажетті әрекет деп есептеген. Тіпті, түшкірігі келмеген адамға оны шақыратын арнайы тәсілдер де ойлап тапқан екен. Қазіргі медицина ғылымы да түшкірудің пайдалы екендігін мойындап отыр. Ең болмағанда күніне бір рет түшкірген жақсы дейді мамандар. Демек, пайғамбарымыздың түшкіргеннен соң «Аллаға шүкір» етуді бұйыруының мән-мағынасын деннің саулығына келер пайдадан іздеу керек сияқты.

Шынында, адам бойында болып тұратын құбылыстардың қайсы бірін алсақ та пайдалы тұсы жоқ емес. Соның ішінде түшкіру рефлексіне – Алланың пендеге көрсеткен үлкен мейірімі ретінде, ерекше тоқталып кетуге болады. Түшкіруді Алланың мейірімі деп айтуымыздың өзіндік себептері бар. Атап айтсақ:

Түшкірген сәтте денеде жиналған улы зиянды заттар сыртқа шығады. Денедегі улы заттардың сыртқа шығуының нәтижесінде біз көптеген ауру-сырқаудан аман болады екенбіз.
Түшкіру арқылы мұрынның шырышты қабығы түрлі микробтар мен вирустардан тазарып, шаң-тозаңдардан құтылады.
Түшкірік – адам ағзасының әлдебір аллергияға немесе тұмауға шалдыққанынан бірінші боп хабар береді. Адам соған қарай ем-домын жасап, сақтық шараларын алуға көшеді.
Түшкірген кезде әдетте адамның тыныс алу жолдары ашылады. Осылайша, түшкірген мезетте еркін тыныс алуымыз қамтамасыз етіледі.
Біздің өміріміз Алланың қолында. Түшкірген сәтте адамның бет пішіні аздап қисайып, бір пәске әдеттегі формасын жоғалтып, аздап ұсқынсыз күй алатыны мәлім. Егер, Алла қаласа беттің қисайған бұлшық еттерін сол күйінше қалдырып қоюы да мүмкін еді. Бірақ, мейірім-шарапаты шексіз Жаратушы, түшкіріктен соң беттің сол мезетте қайта қалпына келуін реттеп қойған. Осы себепті Аллаға қанша шүкір етсек те аз.
Түшкірген кісі еріксіз көзін жұмады. Егер, түшкіру сәтінде көз ашық қалса, көз жанарына зиян тиюі мүмкін еді. Сол зиянның алдын алу үшін көз жұмылады. Бұл да «әлхамду» айтуға себеп.
Келген түшкірікті болдырмауға тырысу – кейбір келеңсіз жағдайды тудырады. Мысалы, құлақтың нашар естуіне септігін тигізуі мүмкін. Сондықтан да, түшкірігі келген адам лаж болса, оған кедергі жасамағаны абзал.
Міне аталмыш жағдайларға қарай отырып, не себептен Пайғамбарымыз дәл түшкіргенде «әлхамдулиллаһ» деп айтуымызды бұйырғандығын ұғынуға болады.

Әйткенмен, түшкірген уақытта кейбір әдеп нормаларын сақтауды ұмытпаған жақсы. Мысалы, мұсылман адам түшкірген кезде дауысы тым қатты шығып кетпеуін қадағалауы тиіс. Және мүмкіндігінше орамалмен немесе қолмен ауызды жапқаны абзал. Сондай-ақ, дастарқан басында түшкірігі келген мұсылман жаюлы тұрған асқа қарай түшкірмеуі ләзім.

Ендігі жерде, «түшкірген сәтте жүрек тоқтайды» деген болжамға келсек, мұндай түсінікті қазіргі медицина жоққа шығарады. Аталмыш тұжырым орта ғасырдан бастау алады. Ертеректе түшкіру барысында тым көп ауа сыртқа шығып жүрек соғуын бір пәс тоқтатады деп сенген. Шындығында, түшкірген заматта адамның миы жүрекке «тоқтау» командасын бермейді. Ол кезде де жүрек тоқтаусыз істеп тұрады.

Алла тағала деніміздің сау болуын жазсын!

 

[1] Тирмизи - №2746
[2] Сахих Бұхари : Бәбут Тәсәуб.

Абдусамат Қасым 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста