Нұх пайғамбардың (ғ.с. ) өмірінен алынатын 5 сабақ

Нұх пайғамбардың (ғ.с. ) өмірінен алынатын 5 сабақ

1. Қиындатпау.

Нұх (ғ.с.) Алланың әмірлерін, барлығы мен бірлігін, өз қауымына қарапайым және нақтылы сөздермен жеткізді. Ол өз қауымына барып, олардың ауыр күнәнің батпағына батқандығын (пұтқа табынып), осы күнәдан арылу үшін тек бір Жаратушы Аллаға сенім білдіріп, бойұсыну қажеттілігін тікелей ескертті. Ары қарай пайғамбар Аллаға жақындаудың нығметтерін түсіндірді (жұмақ, мына дүниедегі әр қилы нығметтер, ұрпақ пен дәулеттің көбеюі т.б.), сондай-ақ Жаратушыдан ұзақ болудың зардаптарын да (мәңгілік тозақ, қиындық т.б.) жіпке тізгендей баяндады.

2. Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану.

Өз ісі мен уағызының алға басуы үшін Нұх (ғ.с.) әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, бірақ солардың қайсысы жүйелі жүзеге асатынын білмеді. Ол қоғамдық отырыстарда және жекелеген шағын топтарда дұға етіп, насихат жүргізді. Нұх (ғ.с.) жалпы халықтық мерекеде және адамдардың үйлеріне барып та уағыздады. Пайғамбар барлық уағыздарын ешбір жалықпастан тынымсыз күні-түні жалғастырды.

3. Көшбасшыларға әсері.

Қоғамдағы адамдар көшбасшылар мен атақты адамдарға ұқсауға бейім екені баршаға белгілі. Нұх (ғ.с.) өз халқының басшыларына насихат айтты, олар егер ақиқат хабарды қабылдаса, өзге адамдарға да ықпал ететіндігін түсінді. Бұл әдісті сондай-ақ Алла Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) да пайдаланған және айтылмыш әдіс Меккеде емес, Мәдинада сәттілік әкелді.

4. Мақсатқа қадам.

Нұх (ғ.с.) ұзақ уақыт бойы ешбір іркіліссіз өзінің уағыздарын жалғастырды. Оның мақсаты-таухидті (бір Құдайды) уағыздаумен болды және ол осы мақсатқа жету үшін табандылық көрсетті. Бұл парасатты адам тура жол, көшбасшылық Алладан келетіндігін білді, алайда оның парызы-халқына хабарды уағыздау мен тарату болды.

5. Қай жерде тоқтау қажеттілігін білу.

Алла Тағала бір кезеңде Нұх пайғамбарға оның уағызына ешкім сенбейтіндігін айқындағанда, пайғамбар ендігі сәтте пайда бермейтін насихатын дереу тоқтатты. Осыдан соң ол Алланың нұсқауымен келесі қадамға көшті, кеме жасап, үлкен су тасқынына дайындық жасады.

Нұх пайғамбардың өмірінен алынған 5 түрлі сабақтың үлгісі біздер, белсенді мұсылмандар үшін өнеге бесігі болмақ. Пайғамбар (ғ.с.) Алла жолында ешбір кедергіге қарамастан ізгі мақсатына жету үшін алға қарай жылжыды, халықтың иманға келуі үшін барлық игі мүмкіндіктерді пайдаланды. Осының барысында Нұх пайғамбар (ғ.с.) барлық нәтиженің бір Алладан болатынын түсініп, барынша шыдамдылық танытып, сабырмен Ұлы Жаратушыға бойұсынды. 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста