Омарды (р.а.) жылатқан нәрсе

Омарды (р.а.) жылатқан нәрсе

Бізге жеткен хадистерде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында жүрген көптеген сахабалардың аттары нақты айтылып кеткен. Солардың ішінде он сахаба көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген. Солардың бірі Омар (р.а.), - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ihsan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сахаба туралы көптеген оқиғалар бар. Осы ретте Омар (р.а.) сахабаның басынан мынадай бір оқиға өтіпті.

 

Омар (р.а.) жеке қалғанда сақалын ұстап тұрып: «О, Омар, Алладан қорық, Алладан қорық, әйтпесе саған оның азабынан құтылар жол жоқ!» дейді екен.

Бір күні Омарға (р.а.) бір кедей келіп: «Менің әйелім мен балаларымды киіндірші, менде оған мүмкіндігім жоқ», - депті.

Омар (р.а.): «Егер олай етпесем маған не болады?», - деп сұрапты.

Сонда әлгі кісі: «Онда мен кетемін», - депті.

Омар (р.а.): «Сосын не болады?», - десе, кедей кісі тұрып: «Сосын сен бұл үшін Қиямет күінде сұраласың», - деп жауап қатыпты.

Бұны естіген Омар (р.а.) көзінен жасы ағып, Алладан қорыққаны сонша сақалдарына дейін су бола үй ішіне жүгіре кіріпті. Бірақ, ол кедейге берер еш зат таппай, әлгі кісінің алдына келіп үстіндегі жалғыз жамылғысын шешіп: «Осыны әйелің екеуің бөліп киіңдер», - деп екіге бөліп беріпті.

 

Міне, Омардың (р.а.) Аллаға деген құлшылығы қандай болған!

 

 

 

 Құлмағанбетов Нұржан Оңғарұлы

«Бала қажы» мешітінің наиб имамы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста