ӨМІРДІ ҚАЛАЙ КӨРСЕҢ, ӨМІРІҢ СОЛАЙ БОЛАДЫ...

ӨМІРДІ ҚАЛАЙ КӨРСЕҢ, ӨМІРІҢ СОЛАЙ БОЛАДЫ...

Өмірде жолы болмаған бір адам бір күні өмір жолын қалай жақсартам деген сауалмен  данышпанға келеді.

-Менің мына өмірде жолым болмай жүр-деп бастайды сөзін. -Әйелім менімен дұрыс қарым-қатынас жасамайды, балаларымның сабақ оқуға деген ниеті жоқ, бастығым мені бағаламайды, жалақым өте аз. Мен өмірімді қалай жақсылықққа өзгертіп, жақсартсам болады?

-Мына бөлменің ішіне, айналасына мұқият қара, бөлмедегі барша қоңыр түсті заттарды еске сақта,-деп кеңес береді дана адам.

Келген адам төңірегіне мұқият қарап, оның ішіндегі қоңыр түстілерін еске сақтап қалады.

-Енді көзіңді жұмып, өзің көрген жасыл түсті заттарды атап шық,-дейді данышпан.

   Ол ұзақ ойланды.

 -Мен жасыл түсті заттарды атай алмай тұрмын, себебі олардың ешқайсысын есіме сақтаған жоқпын. Сіз тек қоңыр түсті заттарды ғана жадыңа сақта деп едіңіз ғой.

  Ол көзін ашты, шын мәнінде, айналасында  көптеген жасыл түсті заттар бар екен.

-Сенің өмірің де дәл осындай,-деді данышпан. Сен тек өмірден  еске сақтағың келетін нәрсені ғана еске түсіресің. Ал сен  назар аудармаған нәрсені көрмейсің. Сен өзіңнің ғұмырыңнан тек сәтсіздіктер мен  қиыншылықтарды ғана көріп отырсың, өйткені сен тек оларға ғана ерекше көңіл бөлесің, ал өмірдің сәулелі, жарқын жақтарын мүлде көргің келмейді. Сен өміріңнің әрбір сәтіне мұқият қарап, өтпелі өмірдің тек қана барлық жақсы жақтарын есте сақтау тырыс, сонда өмірің деп жақсылыққа қарай бағытталады-деп түйіндепті данышпан.

   Ендеше, әрқашанда бойымызға ізгілікті ұялатып, ізгі ойларды ойлап, айналамызға жақсы сөз сөйлеп, өмірдің сәулелі сәттерін ғана көре білейік!

 

Аударма.

Дереккөз: fondihlas.ru

Аударған: Меруерт Мұхамадиева

Семей қаласы.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста