Өмірім өтіп барады...

Өмірім өтіп барады...

Әбу Бәкір (р.а.) бірде: "Қайсы бір адам ақшасын жоғалтып алған кезде, ол күні бойы "менің ақшам кетті, менің ақшам жоғалды", - деп үздіксіз айтумен болады, алайда өмірі өтіп бара жатса да, ол: "Менің өмірім өтіп барады, менің өмірім өтті", - деп ешқашан қапаланып, айтқан емес", - депті.

Бүгінгі таңда уақытының қадірін біліп, зая кетіп жақтан есіл уақытына іші ашыған мүміндердің көбін байқай бермейсің. Жоқ, әлде олар өлімді мүлдем санадан тысқары қалдырған ба?!

Осы күндері біздің көпшілігіміз Құранды оқып, жүректі оятуды һәм пайдалы дәрістерді үйренуді, мешітте жамағатпен намаз оқуды әрі өткен дәрістерді қайталау үшін бауырларымызбен кездесуді кейінге қалдырдық...

Қазірде баршамыз теледидар алдына телміріп, компьютрлік ойындармен көкжиегімізді кеңейттік, тіпті мұсылмандар ешқашан білмеген және ойнап та көрмеген ойын - футбол бойынша әлем чемпионатын тамашалаудан бір сәт те босамай қалдық.

Айтылмыш ойындар мен көңіл көтерулер Аллаға сенушілерді төмендегі жағдайларға душар етті:

1. Өміріндегі ең қажеттіні қалдырып, аса қауіптісі-міндеттелген дүниелерді тастауға мәжбүр етті.

2. Әурет жерлер мен жалаңаш тәндерге қарауға;

3. Ақшасын ысырапқа шашуға;

4. Теріс әрекеттерді жақсы көріп, шашбауын көтере дәріптеп, олардың жанкүйерлеріне айналуға;

...Мұның бәрі қысқаша айтқанда ғана.

...Сонда сіздердің балаларыңызды кім тәрбиелейді?.. Теледидар ма? Әлде, компьютер ме?!

Сіз ше? Құранды толыққанды оқып, жаттап алып, балаларыңызға Алланың сөзін үйреттіңіз бе?

...Сіз барлық рухани дәрістерді тыңдап, оны отбасыңызға жеткіздіңіз бе?!

...Сіз науқастардың көңілін сұрап, жақын туыстарыңызға бардыңыз ба?!

...Бейітте жатқан қабір тұрғындарына барып, өлімнің хақ екендігін бірер минут еске алдыңыз ба?!

...Кедейлерді тамақтандырып, оларға садақа тараттыңыз ба?!

...Әрі абзал деп танылған амалдардың барлығын жасап қойдыңыз ба?!

...Ислам осы үшін келген жоқ па?!

 

Біздің дәуірдің адамдары
Футболға-90 минут

Сериалға- 60 минут

Фильмге-120 минут

Намазға- 5 минут

Уатсапта-300 дос

"В контактіде" 800 дос

Жақын жерде- 50 дос

Қиындыққа душар болғанда тек БІР ғана дос қалады.

Жанға бататыны-сіздің жаназаңызға тек отбасыңыз ғана қатысады.

Ал қараңғы қабіріңізде сіз мәңгі ЖАЛҒЫЗСЫЗ. Бұлай таңданбаңыз, өмір дегеніміз-осындай емес пе?.. Басқаша қалай болуы мүмкін деп ойлап едіңіз?..

Шын мәнінде, сізге тек сіздің тұрақты мекеніңіз-қабіріңіз ғана көмектеседі.

Сіз егер өзіңіздің Құраныңызға шаң қонғанын байқасаңыз, онда өзіңізді қазірден бастап-ақ, жоқтай беріңіз.

Ақиқатында, кімде-кім Құран оқуды үш күн бойы қалдырса, сол адам тастанды деп саналады.

Кімде-кім өзінің жастығын міндетсініп, құлшылықты артқа тастаса, онда сіз қабір әлемінде тек қарттар ғана жатады деген жазуды оқыдыңыз ба?Бұл жалған тек үш күндік ғұмыр керуені, бұлдыры көп белестерден тұрады. Біз тіршілік таңын атырған кешегі күн ешқашан оралмайды.

Көрген бүгінгі күніміз мәңгілікке жалғасын таппайды. Ал ертеңгі күнде қайда жүретініміз ешкімге беймәлім құбылыс. Сондықтан уақыт көші алға жылжыған сайын ажалдың апанына жақын қалғандығымызды сәулелі сананың төрінен ұмыт қалдырмағандығымыз ләзім. Ақыл иелері үшін тозақ-мәңгілік, ғажап мекен-жұмақ та мәңгілік. Сол үшін бірыңғай пайдалы амалдармен айналыссақ, сізге өмірдегі пайдасызын тастау жеңіл болады. Ұлы Жаратушымыз Құранда осы хақында "Үгітте, өйткені, үгіт мүміндерге пайда береді", - деп баршамызға ескерткен /Зарият, 55/.

Аударған: Меруерт Бақдәулетқызы

islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/omirim-otip-barady-1212/#gsc.tab=0

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста