Оқушы қыз 5 минутта ислам жауларын тас-талқан етті
Англияда тұратын оқушы мұсылман қыз 5 минуттың ішінде исламды қорғайтын қаншама тұжырымдар мен айғақтар келтіріп, исламды жек көрушілердің ауыздарын аштырмай тастады. Бұл туралы IslamNews ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
Мектеп оқушысының сөзі барынша байыпты да салдарлы болып шыққаны сондай, одан кейін исламофобтар қарсы бірде-бір сұрақ қоя алмай, отырып қалды.
Британияның Ньюкасл қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 15 жасар Исра Мухаммед мұны ислам мен оның шынайы сипаты туралы ой білдіруге арналған баяндамасында атап өтті. Өзінің 2000 қатарлары арасында сөйлеген сөзінде мұсылман қызы исламофобтардың ойдан құрастырылған тұжырымдарының негізсіз және ештеңеңе сүйенілмеген бос сөздер екенін барынша нақты да бұлтартпас деректермен дәлелдеп шықты. Соның ішінде жас қыз әлеуметтік желіде исламды жек көрушілердің өздерінің даурықпа сипаттағы айыптаулары арқылы те ДАИШ-тың ісіне көмек беріп келе жатқандарын келтірді.
ras.kz