Жауап: Ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айында ауыз бекіткен адам абайсызда немесе әдейі оразасын бұзса, сол күнгі оразасын соңына дейін ұстауы керек.
«Абайсызда» дегеніміз, мысалы, дәрет алып жатып байқамай су жұтып қойса, таң атпады екен деп сәресін жеуді тоқтатпаса т.б. Ал «әдейі» дегеніміз ораза екенін біле тұра әдейі су ішу не тағам жеу, я болмаса, біле тұра жыныстық қатынасқа түсу т.б.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім бір нәрсе жеп, оразасын бұзған болса, сол күнгі оразасын аяғына дейін тәмәмдасын...», - дейді.
Бірақ, кейін, яғни Рамазан айы біткеннен соң бірінші жағдайда (абайсызда бұзу) тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді, ал екінші жағдайда (әдейі бұзу) екі ай кәффарат оразасын ұстайды.