Ораза тұтпайтындарды күнаһар деп айтуға болмас...

Ораза тұтпайтындарды күнаһар деп айтуға болмас...

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан қоғамдық қатынас-тар діни нормаларға сүйенбей, азаматтық негізде реттеледі, құзыретті органдардың шешімдері де діни сенім тұрғысында шешілмейді. Мем-лекеттің халқы қандай сенімде боламын десе де – өз еркі. Өйткені еліміздегі барлық конфессия өкілдері заң алдында бірдей. Республика халықының 74 пайызын мұсылмандар құраса, 23 пайызы – православиелік христиан, ал алғаны өзге дін өкілдері құрайды.
Әрине ел халқының 74 пайызы мұсылмандар құрайтыны құптарлық жайт. Алайда соңғы 10-15 жылдың көлемінде тұрғындардың басым көпшілігі «ораза ұстадың ба?», «намаз оқисың ба?», «зекет бердің бе?», «ораза тұтпайтындар күнәһар емес пе?» деп бір біріне үздіксіз сұрау салатын болып жүр. Бұл сауалдарға жауап беру жыл сайын ораза тұтып, намаз оқитындарға аса қиындық тудыра қоймағанымен, ниеті түзу, жүрегі таза, көңілі пәк бола тұра, бірақ намаз оқымайтындар мен ораза ұстамайтындарды ыңғайсыз жағдайда қалдыруда. Қойылған сұрақтарға жауап бере алмағандықтан өзіңді нақ бір кінәлі сезінеді екенсің... Жалпы мен тірі пендені ренжітпейтін, ешкімнің көңілін қалдырмайтын, қажет уақытта кез келген адамға, кез келген уақытта көмек көрсетуге әзір тұратын жанмын.. Мен кім екенімді менен гөрі туыстарым мен, бала-шағам жиі айтады екен. 
Ия, мен де мұсылманмын... Бірақ мен ораза тұтпаймын... Себебі мен қара жұмыс істейтін адаммын. Қара жұмыс болғанда да адам баласының маңдайына жазылған ең ауыр жұмыс - темір жолда жол жөндеуші болып істеймін. Өзім жұмыс істейтін Шу өңірінде жай күндері күн + 35 градусқа дейін ыситын болса, шойын жол бойындағы температура + 40 градустан асып кететіні бар, ал қысты күні қасыңнан поезд зуылдап өткенде - 45 градусқа дейін үсік жүріп өткенін көрдік. Сондықтан болар бірге жұмыс істейтін таныстарымның арасында аптап ыстықта қан қысымы көтеріліп кететіндері де, аязды күндері аяқ-қолын, құлақ-мұрынын үсітіп алатындар жиі кездеседі. Сондықтан менің қалың көпшіліктен өтінерім менен де, мен секілді қара жұмыс істейтін адамдардан да өздеріңіз жиі қоятын сұрақтарыңызды қоймай-ақ қойсаңыздар.
Одан бөлек ел намысын қорғап жүрген спортшылар, үнемі жол үстінде жүретін автокөлік пен поезд жүргізетіндер, әскерилер, полиция қызметкерлері мен шахтада істейтіндер туралы сіздер не ойласаңыздар да  олар ораза ұстай алмайды. Оны мойындауымыз керек.
Шындығында, елімізде ораза тұтатындардан гөрі, тұтпайтындар әлде қайда көп екені рас. Себебі, менің түсінігімде дінге бет бұрған екенсің Исламның тәртібін, парызы мен міндетін 100 пайызға орындап, әр минут-секунтты талаптан шықпауың керек. Ал олай болмаған жағдайда өзіңді алдап не керек. Рас, мен үшін күнделікті намаз оқымақ түгілі ауыз бекітудің өзі аса қиын шаруа. Түнгі екі жарымда тұрып, сәресі ішіп жату оңай емес. Оған менің денсаулығым да мүмкіндік бермейді. Ораз ұстамағандар арасында ауыратындар да баршылық... Жұмысының ыңғайы келмейтін маман иелері де аз емес. Ал ораза ұстаған болып аузын аша сала будақ-будақ түтіндетіндерді де, ұйқысын қимай сәресін ішпей қоя салатындарды да түсіне алмай-ақ қойдым. Болдың ба нағыз мұсылман, мұсылмандықтың бар талабын орында.. Ал бір жерден мүлт кететініңді сезсең немесе өз өзіңе деген тырнақтың ұшындай болса да күмәнің болса бұл іске бармай-ақ қойғаның дұрыс.  
«Алаш айнасына» хат жолдап, оқырмандармен ой бөліскен 47 жастағы Арыстанбек Тасқараев деп білерсіздер... Алла сақтасын.. Артық кеткен жерім болса кешіре гөр.. Мен не айтсам да көпшіліктің көкейінде жүрген дүниені айттым деп ойлаймын... Ораза тұтпайтындар күнаһар деп айтуға болмас...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста