Ораза ұстаушыға 15 кеңес

Ораза ұстаушыға 15 кеңес

Алла тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тию үшін мына нәрселерді орындауымыз керек:
1.Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды.
2.Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз керек. Ораза мінез-құлықты бұзбай, керісінше оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен шығарады. Алла елшісі с.а.с. «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаға оның жеп-ішуден тыйылуының қажеті жоқ»,-деп айтқан.
3.Қалжыңдап болса да жаман сөздер айтпау. Әйтпесе тұтқан оразамыз зая кетеді. Алла елшісінің с.а.с.: «Қайсыбіріңнің ораза тұтатын күні болса, онда бұзықтық істемесін, айғай-шу шығармасын, ал егер біреу оны балағаттаса немесе оған соқтықса: «Мен ораза тұтқан адаммын» десін»,-деп айтқанын әрдайым есте ұстау қажет.
4.Қылтамақ, асқазан жарасы сияқты көптеген кеселдерге себепші болатын темекіні тастауға ораза кезді пайдаланып қалу керек. Ерік-жігерді жинақтап, ұстамдылық танытып, темекіні күндіз шекпегендей түнде де шекпеу қажет. Сонда денсаулығымызды сақтаймыз және ақшамызды да ысырап қылмаймыз.
5.Ауыз ашарда тамақты шектен асыра қарпымау. Бұл оразаның пайдасын кемітеді, әрі денсаулыққа зиян тигізеді.
6.Адамның мінез-құлқын бұзып, оразаға кереғар келетін телебағдарламалар мен фильмдерді қарамау.
7.Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды ерте таңда орындаған жақсы. Алла елшісі (с.а.с.): «Аллаһым! Үмбетім үшін ерте таңдарын берекелі еткейсің!» – деген.
8.Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазынан кейін әңгіме-дүкен құрып отыруды ұнатпайтын. Ол кісі (с.а.с.) ерте жатып, ерте тұратын.
9.Туған-туыстар мен мұқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайындардан хабар алу және араздасқандармен татуласу.
10.Алланы жиі еске алу, Құран оқу, оны тыңдау, мағынасына ой жүгірту, оған амал қылу, пайдалы дәрістер тыңдау үшін мешітке бару және Алла елшісінің (с.а.с.) сүннеті бойынша рамазанның соңғы күндерінде мешітте иғтикафқа отыру.
11.Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай ауыз ашу. Алла елшісі (с.а.с.) «Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар. Егер кепкен құрма таппаса, сумен (ашсын), өйткені ол-таза». «Адамдар ауыз ашарды асықтырған сайын игілікте болады»,-деген. Алла елшісі (с.а.с.) ауыз ашарда: «Аллаһумма ләкә сумту уә ъалә ризқикә әфтарту, зәһәбәз-замә-у уәбтәлләтил-ъуруқу, уә сәбәтәл-ажру инша Аллаһ[5]»-деп айтқан.
12.Сәресіні ішу. Алла елшісі (с.а.с.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар»,-деген.
13.Оразаның үкімдерін білу үшін ол жайлы жазылған кітаптарды оқу. Ол кітаптардан ұмытып тамақ жеп, су ішіп қою оразаны бұзбайтыны, түнде жүніп болу ораза тұтуға кедергі жасамайтыны және т.с.с. нәрселер баяндалған.
14.Рамазандағы оразаға ұқыпты қарау және балаларға шамалары жеткенше ораза түтуды үйрету. Рамазан айы күндерінде себепсіз ауыз ашып, оразаны бұзудан сақтану. Өйткені әдейі бір күн ауыз ашқан кісі және рамазан айында күндізгі уақытта әйелімен жақындасқан адам шариғат белгілеген тәртіп бойынша кәффарат амалдарын өтейді .
15.Рамазан айында оразаны тұтпай жүруден сақтану лазым. Тұтпаған күннің өзінде оны адамдарға жарияламау қажет. Өйткені ораза ұстамау Аллаға қарсы келу, Исламға ат үсті қарау және адамдар арасында ұятсыз қылық болып табылады. Ораза тұтпаған адамға айт мерекесі де жоқ. Өйткені айт оразаның аяқталуы мен құлшылықтардың қабыл болуына байланысты ұлы қуанышты білдіреді, ал ораза тұтпаған адам бұл қуаныштан мақрұм қалады.
www.oraza.info

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста