Оразада гинекологқа қаралса, оразасы бұзыла ма?

Оразада гинекологқа қаралса, оразасы бұзыла ма?

Сәлеметсіз бе! Ораза ұстаған адамға тамырдан қан алдыруға (анализ тапсыру үшін) және гинекологқа қаралуға (УЗИ органов малого таза) бола ма?

***

Сәлеметсіз бе! Ораза ұстаған адамға қан алдыруға болады, оразаны бұзбайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) ораза кезінде хижама жасатқандығы риуаяттарда келтірілген[1]. (Хижама - емдік мақсатта қан алдыру).

Кіші жамбас қуысы ағзаларына УДЗ жүргізу мәселесіне келер болсақ (УДЗ – ультра дыбыстық зерттеу), УДЗ үш түрлі болып келеді екен:

Трансабдоминальды (абдоминальное)
Трансвагинальды (әйелдерге арналған)
Трансректальды (ер кісілерге тік ішектен енгізеді)

Соңғы екі жолда аппаратқа резеңкеден жасалған қаптауыш кигізіліп, оған гель жағылады. Сосын аталмыш аппаратты енгізеді[2].

Шариғаттағы үкіміне келер болсақ: ереже бойынша, қандай да бір зат адамның ішкі организіміне енгізілген уақытта түбегейлі ішке көмілмей, бір ұшы сыртта тұрса, ол оразаны бұзбайды. Бірақ, ондай затқа іште қалып кететіндей бөлек бір нәрсе жағылған болса, ол басқа[3].

Осыған орай айтарымыз, аталмыш екі жолдың бірімен кіші жамбас қуысы ағзаларына УДЗ жүргізген кезде, енгізілетін аппаратқа жағылған гельдің іште қалып қою ықтималдығы басым. Сондықтан да, оразаны бұзады деуге негіз бар. Хадисте де айтылғандай: «Оразаны ішке түскен нәрселер бұзады, сыртқа шыққан нәрселер емес»[4]. Ондай жағдайда, ораза ұстаушы сол күнгі оразасын соңына дейін тәмәмдап (егер, бөлек ем үшін дәрі-дәрмек қабылдау қажет болмаса), Рамазан айы аяқталғаннан кейін (айттан соң) аталмыш бір күннің қазасын өтейді, кәффәрат керек емес. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

[1] Бухари, Саум, 1837-хадис.
[2] http://www.rusmedserv.com/
[3] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтар, 6/267 бет.
[4] Имам Зайлағи: Насбур риуая, Китабус сиям. 15-хадис.

Абдусамат Қасым

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста