Оразаға байланысты хадистер

Оразаға байланысты хадистер

Оразаны араб тiлiнде "صَوْمٌ" (соум) деп айтады. "الصَّوْمُ" (ораза) сөзiнiң тiлдiк мағынасы: тартыну, тыйылу, ал шарғи мағынасы: құлшылық ниетiмен таң атқаннан күн батқанға дейiн iшiп-жеуден, жыныс қатынастан тыйылу. Ораза һижраның екiншi жылы парыз етiлген. Үкiмi: парыз ъайн.
“Кiм Рамазан айының оразасын шын иман және ықласпен ұстаса, оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi.” ( Бухари, Муслим)
“Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкiм кiрмейдi. Қиямет күнi: “Ораза ұстағандар қайда?”, – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кiредi. Олар кiрiп болған соң ол жабылып, одан басқа ешкiм кiрмейдi.” ( Бухари, Муслим)
«Қайсы бiр пенде Алла Тағала жолында бiр күн ораза ұстаса, Алла Тағала сол күн үшiн оның жүзiн тозақ отынан жетпiс жылға ұзақ етедi.» ( Бухари, Муслим)
“Рамазан келгенде жәннаттың есiгi ашылып, тозақ есiгi жабылады, шайтандар кiсенделедi.” ( Бухари, Муслим)
“Сiздерден бiрiңiз ораза ұстаса жаман сөз айтпасын, дауласпасын! Оны бiреу балағаттаса немесе дауласса, ол: “Мен оразамын”, – деп айтсын.” ( Бухари, Муслим)
“Кiм жалған айтудан және жалғандыққа барудан тыйылмаса, Алла Тағала оның iшпей-жемей жүргенiн қажет етпейдi.” ( Бухари)
“Сәресiнi iшiңiздер, өйткенi сәресiде береке бар.” ( Бухари, Муслим)
“Бiз бен Китабилер (Таурат, Забур, Iнжiл иелерiнiң) оразаларындағы айырмашылық - сәресi iшу.” ( Муслим)


Ауыз ашуға асығудың артықшылығы


“Мен және Масрұқ (Оған Алланың сәлемі болсын) екеумiз Айшаға (Оған Алланың сәлемі болсын ) кiрдiк. Масрұқ (Оған Алланың сәлемі болсын): “Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан екi кiсi жақсы iске алаңдайды. Олардың бiрi шам намазы мен ауыз ашуға асықса, екiншiсi шам намазы мен ауыз ашуды кешiктiредi”, – деп айтқанда Айша (Оған Алланың сәлемі болсын): “Шам намазы мен ауыз ашуға асығатын кiм?” - деп сұрады.
Абдуллаһ ибн Масьуд (Оған Алланың сәлемі болсын) Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) де солай iстейтiн.” (Муслим)
“Алла Тағала: “Құлдарымның iшiнде Мен үшiн ең сүйiктiлерi – ауыз ашуға асығатындары”, – деп айтады.” (Тирмизи)

mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста