ОРАЗАНЫҢ БАСҚА ҚҰЛШЫЛЫҚТАРДАН ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР?

ОРАЗАНЫҢ БАСҚА ҚҰЛШЫЛЫҚТАРДАН ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ БАР?

Сұрақ: Оразаның басқа құлшылықтардан қандай артықшылығы бар?

Жауап: Дінде құлшылықтың түрлері көп. Сол ғибадаттардың өздеріне тән қасиеттері мен ерекшеліктері де бар. Ал енді Рамазан айындағы оразаның ерекшелігі айрықша. Рамазан оразасының сауабын арнайы Алланың Өзі беремін деп уәде еткен. Бұған келесі хадис дәлел болмақ:

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с): «Алла Тағала: «Адам баласының күллі амалы қарақан басы үшін. Тек ораза Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін», – дейді» деген хабарын жеткізген (Бұһари, Мүслім).

Сол үшін оразаның сауабын білген әрбір мұсылман мүмкіндігінше бұл айда ораза ұстауға ықыласты және ынталы болмақ. Қызметі тарапынан немесе мүмкіндігі жағынан шектеулі болса да қолдан келгенше ораза күндерін қаза қылмауға күш салады. Төмендегі бәдәуидің ғибратты оқиғасы ораза айының ерекшелігін аңғарта түссе керек:

Ыстық күні адамдар бір бәдәуиді тамаққа шақырады. Бәдәуи:

– Менің ауызым берік, – дейді.

Олар:

– Ей, мүсәпір! Өзің шөл далада тұрасың. Сөйтіп құдайдың мына ыстығында оразамысың? – десті.

Бәдәуи:

– Дүние бұрын да болған, мен ол уақытта жоқ едім. Дүние менен кейін де қалады, ал мен ол кезде болмаймын. Сонда мен өз күндерімді тиімді өткізе алмаймын ба?! – деп айтқан екен.

mazhab.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста