"Өрескел қателіктер жіберіп жатыр": Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Нұрлан имам туралы
Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы елге қате насихат айтып жүр. Бұл туралы ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мәлімдеді. Ұстаз "Дін баршамызға аманат. Ауыздан шыққан әрбір сөз ертең тарап, елдер амал жасай бастайды", - деп ескертуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі. Caravan.kz медиа-порталы ұстаздан осыған қатысты тарқатып айтып беруін сұраған еді.
"Желіде тікелей эфирге қосылған едім. Бұл тақырыпты көтеру ойымда болған жоқ. Бірақ, кешелі бері мене Нұрлан имам туралы көп сұрап кетті", - деген Қабылбек Әліпбайұлы.
Айтуынша, Нұрлан имамның қате жеткізген ақпараттары өте көп. Бізге соның бірін мысалға келтірді.
""Қыз бала ажырасқаннан соң екінші адамға тұрмысқа шыға беруіне бола ма?" деген сұраққа "Өзі "айырылысты" деп аты айтып тұр ғой. Шыға берсін. Күйеуің жаман ойлап қалмас үшін бір етеккірің кеткенше күте тұр" деп жауап берген. Шариғат бойынша олай емес. Бір талақ бергеннен кейінгі уақыт "қайтарып алу" кезеңінде деп есептеледі. Күйеуі 3 айға дейін (3 етеккірі тазарғанға дейін) қайтарып ала алады. Бірақ, бір талақ түскен болып есептеледі. Болашақта да ашуға беріліп қалып, тағы да талақ айтса, ол кезде де процесс осылай жүреді. Үшінші талақ кезінде де 3 ай күтіледі. Әйел кісі 3 етеккірін күту керек. Содан кейін ғана "басы бос" болып есептеледі. Егер, келіншектің аяғы ауыр болса, бала босанғанға дейін оған ешкім сөз айта алмайды, ешкімге тұрмысқа шыға алмайды. Шариғат бойынша осы сынды дүниелер бар. Ол әркім айта беретін мәселе емес. Ол біреудің тағдыры. Оны өте жеңіл етіп, және оны өте қатты айтқан жерлерін айтып отырмын. Ол кісі осындай көп өрескел қателіктерді жіберіп жатыр, өкінішке орай", - деді ұстаз.
Сондай-ақ, "Ол кісі имам болса, уағызын айтуы керек. Бірақ, пәтуә мәселесіне кірісуге болмайды", - деп отыр.