Отбасын асырай алмайтын жігітке үйленуге болмайды

Отбасын асырай алмайтын жігітке үйленуге болмайды

Өткенде оқырмандарымыздың бірі мынадай сұрақ қойды: «Сүйген жігітім менен екі жас кіші, 11 класста оқиды. Ата-аналарымыз махаббатымызға қарсы. Ата-анамыздың сөзін тастаймыз ба, әлде махаббатымызды ма? Жалпы үйлену үшін жігітпен қыз бір-бірінің қандай қасиеттеріне қарауы керек?» деді. Бұған қатысты ҚМДБ мамандары төмендегідей жауап берді.

Әке-шешенің баласында сексен ақысы болады. Бұлардың бірнешеуі мыналар: Хадис шәрифте былай делінеді:
«Әке-шешесін қызметтерімен разы еткен адам, Алла тағаланы разы еткен болады. Оларды ашуландырған адам Алла тағаланы ашуландырған болады». «Ең құнды амал уақытында оқылған намаздан кейін әке-шешеге жақсылық жасау болып табылады».
«Әке-шешеге жасалған жақсылық бақытсыздықты бақыттылыққа айналдырады, өмірді ұзартады және адамды жаман өлімнен қорғайды».
«Әке-шешеге қарсы шығу үлкен күнә болып табылады».
Олай болса әке-шеше залым болып, баласына зұлымдық етсе де, күнә істеуді әмір етсе де, оларды ренжітпеуге, ашуландырмауға тырысу керек! Оларды ренжітетін сөз және әрекет жаиз емес. Күнә болған, дінге қайшы болған әмірлерін орындау керек емес. Бірақ ренжітпейтіндей жолын тауып шығуға тырысу керек.
Әке-шеше жаман болса да, олармен жақсы мәміледе болу керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл күнәдан құтылу керек! Әкесіне қарсы шыққан бала бақытты бола алмайды, мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы болмайды.
Осы насихаттарға құлақ түретін болсаңыз әке-шешенің айтқанын да бірнеше рет ойлап көру керектігін түсінесіз. Оның үстіне 11 класс оқитын жігіттің бір семьяны асырай алуы мүмкін емес. Отбасын асырай алмайтын жігіттің неше жаста болса да үйленуі харам болып табылады.
Қыз да, еркек те болашақ жарының бойында мына үш қасиеттің болуына мән беруі керек:
1- Діндар болуы.
2- Дені сау болуы, жанұялық өмірге көлеңке түсіретін аурулары болмауы керек.
3- Жақсы мінезді болуы керек. Болмашы нәрсеге ашуланатын, бүргеге ренжіп көрпесін өртейтін адамдардармен тұрмыс қиын болады.
Осы қасиеттері бойында бар ұлды да, қызды да теңімен үйлендіру керек. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Қыздарыңды теңіне, лайық болған адамға тұрмысқа беріңдер».

Теңі дегеніміз еркектің тегінде, мал-мүлкінде, дін амалдарында және қасиетінде қызға лайықты болуы деген сөз. Әйтпесе бай болу, айлығы көп болу, дипломды болу және белгілі бір елдің азаматы болу деген сөз емес. Теңі – еркектің салих мұсылман болуы, намазын оқуы, ішімдік ішпеуі, яғни исламға мойынсұнуы және нафақасын (тұратын үй (аренда), киім, тамағын т.б.) қамтамасыз ете алатындай жұмысы болуы деген сөз. Яғни бір семьяны асырай алатын еркекпен тұрмыс құру керек. Өзін асырай алмайтын еркекпен тұрмыс құру, сөйлесу де керек емес. Еркек мына қасиеттерде әйелден үстем болуы керек. Тең болса да болады:
1- Кәсіпте еркек әйелден үстем болуы керек немесе тең болуы керек. Төмен кәсіпті еркек жоғары кәсіпті әйелдің теңі саналмайды.
2- Еркек әйелден бай болуы керек немесе табысы әйелдікінен көп немесе бірдей болуы керек. Бай әйел кедей еркектің теңі саналмайды. Еркек мехри муәжжалын немесе бір айлық нафақасын бере алатын жағдайда болса, бай әйелдің теңі болып саналады. Ауылдық еркек қалалық қыздың теңі саналады.
3- Еркектің әйелден де діндар болуы немесе тең болуы керек. Пасық (ашықша күнә істейтін) еркек салиха (дінге амал ететін) қыздың тіпті салих адамның қызының да теңі бола алмайды.
Осы шарттарға жауап бере алатын болса жасы өзінен кіші болған жігітке де тұрмысқа шығуға болады. Жастардың махаббат дегені әрқашанда шын махаббат бола бермейді. Кейбір өткіншіл сезімдерге алданып қалмаңыз, ойланып көріңіз!
www.islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста