ӨЗГЕ ДІНДЕГІ ӘЙЕЛМЕН НЕКЕЛЕСУГЕ БОЛА МА?
Шариғатта Ислам дінін айтпағанда, христиан, яһуди (йудаизм) және соби&rsquoи (мандеизм) дініндегі әйел кісімен отау құруға рұқсат етілген. Бұларды «әһли кітаб», яғни, «кітап иелері» дейді. Соңғысынан (соби&rsquoи) қыз алуға болады деуіміз үшін, бір құдайға табынатын, белгілі пайғамбарға және әлдебір иләһи кітабқа сенетін соби&rsquoи (мандеизм) болуы шарт. Ал, жұлдыздар мен періштелерге табынатын мандеистерден қыз алуға рұқсат жоқ.
Бұлардан өзге діндердегі әйел кісілермен үйлену &ndash харам.
Әйткенмен де, Әзіреті Омар өзінің халифалығы кезінде мұсылман әйелдердердің тұрмысқа шығулары қиындап кетеді деген қауіппен, «кітап иелерінен» де (христиан, яһуди) қыз алуды тыйған тұғын. Бұған байланысты «әл-Әсәр» атты кітаптағы Имам Мұхаммедтің (р.а.) келтірген риуаятқа қарағанда, сахаба Хузайфату ибн әл-Ямән (р.а) «Мәдә&rsquoин» қаласында әкім болып тұрған кезінде («Мәдә&rsquoин» - сасаниттердің астанасы болған), жергілікті яһуди дініндегі әйелмен үйленеді. Алайда, Халифа Әзіреті Омар ол әрекетін құп көрмей досына хат жазып, ажырасуын талап етеді. Сонда сахаба Хузайфа: «Ей, мүміндердің әміршісі, ол әйел маған харам ба?» - деп сұрағанда, Әзіреті Омар былай деп жауап береді:
«Өзге мұсылман еркектер сенің жолыңды қуып, әдеміліктері себепті «Әһлу зиммадан» (мұсылман өкіметінің қорғауындағы христиандар мен яһудилер) әйелдер таңдайтын болады деп қорқамын. Бұл болса, мұсылман әйелдері үшін қасірет ретінде жетіп асады».
Осы риуаятты келтіргеннен соң Әбу Ханифаның шәкірті Имам Мұхаммед (р.а.) өз ойын сабақтай келе былай дейді:
«Біз осы тұжырымды аламыз. Біз оны (әһли кітабтан қыз алуды) харам деп тұрғанымыз жоқ, бірақ олардан гөрі мұсылман әйелдерді таңдауды құп көреміз. Бұл &ndash Әбу Ханифаның сөзі (Алла оны рахымына бөлесін)»[1].
Ендеше, ең абзалы, жар ретінде мұсылман қызды алған жөн. Бұл бір шетінен, мұсылман әйелдердің қадірін арттырса, екіншіден &ndash сіз жоқта балаларыңыздың мұсылманша тәрбиеленуін қамтамасыз етеді.
Және айта кету керек: Әһли китабтан қыз алуға рұқсат деген үкім ер кісілерге қатысты. Ал, әйел кісілер тек мұсылмандарға ғана тұрмысқа шыға алады. Өзге діндегі еркекпен отау құру - ауыр күнә, харам әрекет.
 
islam.kz