Пайғамбарлардың бала тәрбиелеудегі 40 әдісі қандай
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты muslim.kz сайты Рамазан айында пайғамбарлардың бала тәрбиелеуде қолданған әдістері жайлы жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
- Пайғамбарлар айтқандарына алдымен өздері амал етіп, ісімен үлгі көрсететін.
- Балаларды өмірдің, дүниенің һәм жаннаттың сәні деп санайтын.
- Балалардың жасай алмайтынына емес, жасай алатынына мән беретін.
- Баланы толыспаған тұлға санамайтын, қайта кемел болмысын бұзып алмауға барын салатын.
- Өздеріне ұнамайтын сөз айтса, соған бола ашуланып, өкпелей бермейтін; қашан да жылы сөйлеп, жымия қарайтын.
- Діни міндеттерді кезең кезеңімен, біртіндеп, жүйелі түрде үйрететін.
- Үйрету барысында орта жолды ұстанып, адамдарды жалықтырып алмаудың амалын жасайтын.
- Үйренушілер арасындағы тұлғалық айырмашылықтарға ерекше мән беріп, әркімнің болмысына құрметпен қарайтын.
- Ешкімді өзгертуге тырыспайтын, қайта Алланың жаратқаны ғой деп бар болмысымен қабылдап, шама-шарқынша қадірлейтін.
- Өзара әңгімелесу әдісін, сұрақ-жауап әдісін қолданатын.
- Tepic түсініктерді жойып, шындық білімді санаға сіңіру үшін ақылға қонымды өлшемдерді қолданатын.
- Тыңдармандарына сұрақ қоятын, осы арқылы олардын білім-білігін, таным деңгейін анықтайтын.
- Салыстыру, мысал келтіру әдісін қолданатын еді. Ұқсастыру (аналогия) әдісін, халық арасында кең тараған мысалдарды пайдаланатын.
- Қолында қандай да бір зат болса, түсіндіріп жатқан тақырыбын жерге сызып көрсететін.
- Қарым-қатынас жасағанда сүйіспеншілікпен қарап, құрмет көрсетіп, қызығушылық танытатын.
- Балаларын жақсы көретін әрі онысын өздеріне айтып отыратын. Балаларына қатысты сынақтарда сабыр ететін, әр нәрсенің Алладан келетінін шын сенетін.
- Балаларының сұрақтарына толыққанды жауап беретін.
- Балаларына көркем есімдер қоятын және олардың бойларындағы көркемдіктерді күшейте түсетін.
- Бірнәрсе үйрететін болса, оны әзілмен әдіптеп, мейлінше жеңіл әрі қызықты етіп үйрететін.
- Балаларымен көп ойнайтын әрі ойынға балалар әлеміне кіретін кілт есебінде қарайтын.
- Балаларының пікірлеріне, сезімдеріне құрметпен қарайтын.
- Жар таңдағанда болашақ балаларымнын анасы деп текті жерден үйленетін.
- Отырысын немесе тұрысын өзгертіп, я болмаса бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы тақырыптың маңыздылығын көрсететін.
- Балаларға ашуланбайтын, ұрмайтын, айғайламайтын, жалпы жазаламайтын.
- Тәрбие берушінің Алла екенін біліп, бала мен Алла арасында делдал болмайтын.
- Балаларын адал ризықпен ішкізіп жегізетін, ысыраптын қай түрінен де аулақ болатын.
- Балалардың жылауын, ренжуін каламайтын.
- Жүрген жерлерінде балалардың көңіл-күйлерін көтеруге тырысатын.
- Ересектер әлемінін шындығын балаларға өздерінің тілімен түсіндіріп беретін.
- Балалары бұзықтық жасап қойса тұлғасына таңбайтын, қайта жамандық атаулының бәрі нәпсіден екенін айтып арсыздықтан сақтауға тырысатын.
- Сынау, кінәлау сынды жағымсыз әдістердің орнына, баулу, қызықтыру сияқты әдістерді қолданатын.
- Балаларының иесі секілді емес, Алла берген аманаттың иесі секілді ата-ана болатын.
- Бір мәселенің түйінін шешерде әңгімелесушісі ұялатындай жағдай болатын болса, алдын ала жақсылап дайындалып алатын.
- Діни тәрбиенің тілмен емес, іспен жүзеге асатынын білдіретін.
- Балалары үшін көп дұға жасайтын, ата-ана болудың маңызды бөлігінің дұға екенін көрсететін.
- Бірде бір адамға қарғыс айтпағаны секілді, өз балаларына да қарғыс айтпайтын.
- Дұғаларының құбыласын дүниеге емес, ақыретке қарай бағыттайтын.
- Мінсіз болуға тырыспайтын, "жеткілікті деңгейде жақсы" болуға ұмтылатын.
- Барлық пайғамбарлар балаларына соңғы сәттеріне дейін тәрбие берген және оларға насихат айтқан.
- Әрекетті өздері жасап, берекенің Алладан болатынын білген, яғни шама-шарқынша еңбектеніп, нәтижесін Алладан күткен.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу