Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді

«Жаннаттың ортасында бір өзен көрдім. Арштың жоғары жағынан өтетін бұл өзеннен су, сүт, хамр (жаннат шарабы) жəне бал бір-бірімен араласпай ағады.

Ол өзеннің жағасы хризолиттен жасалған. Ішіндегі тастар асыл, балшығы хош иісті, шөптері гүлдерден еді. Айналасына күміс ыдыстар қойылған, саны көктегі жұлдыздардан да көп болатын.

Маңында құстар жүрді, мойындары түйенің мойнындай еді. Кім сол құстардың етін жеп, сол өзеннің суын ішсе Хақ та’аланың разылығын алады.

Жəбрейілден: “Бұл қандай өзен?” деп сұрағанымда: “Кəусəр. Хақ та’ала оны сізге берді. Сегіз жаннатта болған бақшаларға су осы Кəусардан ағады” деді.

Ол өзеннің жағасынан шатырлар көрдім. Барлығы маржандар мен жақұттардан жасалған еді.

Жəбрейілден сұрағанымда: “Сіздің əйелдеріңіздің орны” деді.

 

Ол шатырларда хурилерді (жаннат қыздарын) көрдім. Жүздері күндей жарқыраған, барлығы қосылып бəсең дауыспен өлеңдер айтып отырды.

 

Олар: “Біз қуаныштымыз. Бізге ешқандай да қайғы келмейді. Біз жасанып алғанбыз, ешқашан көріксіз болмаймыз. Біз жастармыз, ешқашан қартаймаймыз. Біз көркем мінездіміз, мүлдем ашуланбаймыз. Біз əрдайым осылаймыз, ешқашан өлмейміз” дейді.

 

Бақыт сарайлары мен талдарына дейін жетіп, олардың дауыстары барлық жерге таралады. Əсемдігі соншалық, ол дауыс егер дүниеге келсе дүниеде ешқандай өлім мен қиыншылық болмас еді.

 

Жəбрейіл: “Бұлардың жүздерін көргіңіз келе ме?” деп сұрады.

 

“Иə” дедім. Бір шатырдың есігін ашты. Қарадым. Сондай көркем келбеттерді көрдім, олардың сұлулығын өмір бойы айтып өтсем де тауыса алмаймын.

Жүздері сүттен ақ, беттері жақұттан қызыл жəне күннен де нұрлы еді.

Терілері жібектен жұмсақ, айдай жарқыраған, иістері хош еді.

Шаштары қара, біразынікі өрілген, кейбірінікі жиналған, кейбірінікі бос жіберілген, отырса шатырдай төгіледі, тұрса аяғына дейін жетеді. Əр қайсысының алдында бір қызметші бар еді.

Жəбрейіл “Бұлар сіздің үмметіңіз үшін” деді».

 

ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста