Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ораза айының соңғы он күнін қалай өткізген?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ораза айының соңғы он күнін қалай өткізген?

Менің білгім келгені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Рамазан айының ең соңғы күнін қалай өткізген? Қандай амалдар жасаушы еді?
Ерсұлтан,
Тараз қаласы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ораза айының ең соңғы он күнінде түнді құлшылықпен өткізушген. Айша анамыздан: «Рамазан айының ең соңғы он күнінде ол түнде ұйықтамаушы еді. Жанұясын оятушы еді және әйелімен қарым-қатынас істемеуші еді». Демек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы күн ішінде түнгі намазды (тахажжуд) өткізбей, құлшылық істеп, сонымен бірге жанұясын оятатын еді. Енді осы он күнде қандай жұмыстарды істеген сауап болады: 1.Тарауық намазына келу, яғни бұл намазды тастамау керек. 2.Құран Кәрімді осы он күн ішінде хатым істеу, яғни күнде үш рет оқыса, сонда он күнде барлығын оқыған болады. Демек, бұл уақытты босқа жібермеу керек. 3.Тахажжуд (түнгі) намазды тастамай оқу керек. Өйткені, бұл Алла пен пенденің арасында болған байланыс. Бұны ешкім көрмейді, сонымен бірге Алла Тағала күнде аспаннан жерге періштелерді түсіреді. Пенделері кешірім сұрап жатқан болса, кешіреді. Ал, кім тәубә етіп жатса, оның тәубәсін қабыл етеді. Сұрап жатқан кісінің сұрағанын береді. Сондықтан тахажжуд намазын өткізбеу керек. Сахих Бухари былай келтіреді: Жәбрейіл (а.с) Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Рамазан айында Қадыр түні қай күні екендігін баяндап береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұны естіген соң мұсылмандарға хабар беру үшін, үйінен шығып мешітке кіріп бара жатқан кезде, екі мұсылман бір-бірімен ұрысып жатқанын көріп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Қадыр түні қай күн екендігін ұмытып қалады. Демек, екі мұсылман бір-бірімен тартысып ұрысса, осындай қасиетті түнді ұмытуға себеп болады. Сондықтан, мұсылман басқа мұсылман кісімен тартыспау керек. Егер Рамазан айында бір-бірімізді ренжіткен болсақ, онда кешірім сұрайық, бір-бірімізге қол көтерген болсақ, онда барып қайтадан татуласайық. Өйткені мұсылман әр кезде кешірімді болу керек, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларын тәрбиелеген кезде осындай бір махаббатты орнатып кетті. Күнә жұмыстардан аулақ болуымыз керек, яғни осы Рамазан айына дейін күнә жұмыс істеген болсақ, онда енді шын көңілмен Алла Тағаладан кешірім сұрасақ, біздің күнәларымызды кешіреді. Сондықтан, құрметті ағайын, осы Қадыр түні жұп күнінен тақ күніне өткен түн болғандықтан, ең соңғы күндерде намаз оқып, Алла Тағаладан кешірім сұрауымыз керек. Бір сөзбен айтқанда, Қадір түнінің сауабына тең келетін түн жоқ, сондықтан бұл түнді өткізбеуге тырысып, Алла Тағаладан қалаған нәрсемізді сұрауымыз керек. Алла Тағала біздің дұға-тілектерімізді қабыл етсін. Амин!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста