ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ОТБАСЫ - САФИЯ (Р.АНҺА)

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ОТБАСЫ - САФИЯ (Р.АНҺА)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімге (халал) нәрсе рызық етіп берілсе, оған мекем  жабыссын; оны үзбесін». (Қузағи, «Мүснәд уш-Шиһаб»)

 

Сафия (р.анһа) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пәк ханымдарынан. Әкесі Һуәй бин Аһтаб Харунның (а.с.) ұрпағы.

 

Сафия анамыз Кинана бин Рәбиғбен некелі болатын. Әкесі, бауыры және күйеуі Хайбар шайқасында өлтірілді.

 

Сафия (р.анһа) Хайбар алынғаннан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына келгенде оған: «Әкең яхудилер арасында маған ең қатты қарсы шыққандардан еді. Ақыры соғыста өлтірілді. Таңдауыңды жаса! Егер Исламды таңдасаң сені өзіме әйелдікке аламын. Ал яхудилікті таңдасаң сені азат етемін. Қауымыңа қайтарсың» деді. Ол да:

 

«Уа, Расулалла! Мен Исламға бет бұрдым. Әлі сіз шақырмай жатып және алдыңызға келмей жатып сізді мойындадым. Яхудилікті таңдап не қылайын? Алла мен Расулы азаттығымнан және қауымыма кері қайтудан қайырлы» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны азат етіп некелесті. Азаттыққа қол жеткізуі мәһірі саналды.

 

Осы кезде Пайғамбарымыз (с.а.у.) оның жүзінің көгергенін байқап, себебін сұрады. «Уа, Расулалла! Түсімде Мәдинадан келген айдың құшағыма түскенін көрдім. Мұны күйеуім Кинанаға айтқанымда: «Сен Мәдинадан келген мына патшаның некесіне кірмекшісің бе?» деп жүзіме ұрды» - деді. 

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хайбардан шығып Сахба деген жерге жеткенде сол жерде қонақтап таңертең сахабаларына той асын берді. Бұл той асы «Хайс» деген тамақ болатын. Хайс еріген май, сүзілген ірімшік және құрмадан тұрады».

 

Сафия (р.анһа) өте ақылды, жұмсақ мінезді, салмақты және әдемі әйел еді. Жомарт болатын. Мәдина Мүнәууәраға келгенде алтын сырғаларын хз. Фатимаға (р.анһа) және оны көруге келген кейбір ханымдарға сыйлаған, көзі тірісінде өзінің бір үйін садақа ретінде берген.

 

Сафия (р.анһа), Мұғауияның халифалығы кезінде һижри  50-жылы Мәдина Мүнәууәрада дүние салды. Жәннәт ул-Бақи мазаратына жерленді. Алла одан разы болсын!

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста