ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ПӘК ХАНЫМДАРЫНАН – ҮММҮ СӘЛӘМӘ (Р.АНҺА)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Әйел бес уақыт намазын оқып, Рамазан айында оразасын ұстап, намысын қорғап, күйеуіне (шариғатқа сай талаптарында) мойынсұнса, оған; «Жұмақ есіктерінен қалағаныңнан жұмаққа кір» - деп айтылады». («Мүснәд Ахмед»)
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) пәк ханымарынан және сахабалардың фиқх білгірлерінен Үммү Сәләмә (р.анһа) анамыздың шын аты – Хинд бинти Әбу Умәййә. Құрайштың Бәни Махзун тармағынан. Табиғиннің атақтысы Хасан Басридің (р.а.) сүт анасы.
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бұрын Әбу Сәләмә бин Абдуләсәдпен (р.а.) некелі еді. Күйеуімен бірге алғаш мұсылман болғандардан және Хабашстанға, Мәдина Мүнәууәраға хижрет жасаған мұсылмандардан. (Ибн Сағд). Екінші ақаба сертінен бір жыл бұрын Мәдинаға хижрет еткен. (Сияр Нәби) Хабашстанда босанған алғашқы сәбиі Сәләбаға байланысты Үммү Сәләмә деп күние алған. Кейіннен Мәдина Мүнәууәрада Зейнеп, Омар және Дурре атты үш баласы дүниеге келген. Күйеуі Әбу Сәләмә (р.а.) Бәдір мен Ұхұд соғыстарына қатысқан және Ұхұд шайқасында қолы жарақаттанып, сол жарақаттан біраз уақыттан кейін қайтыс болған.
Әбу Сәләмә (р.а.) қайтыс болмас бұрын отбасы үшін: «Уа, Аллам! Үммү Сәләмәға менен кейін менен де қайырла, оны ренжітпейтін және оны қинамайтын күйеу нәсіп ет» деп дұға еткен еді. Ол қайтыс болған соң Үммү Сәләмә (р.анһа) Пайғамбарымызбен (с.а.у.) некелескен.
Үммү Сәләмә (р.анһа) анамыз былай дейді: «Пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Науқастың немесе өлген кісінің жанында болсаңдар қайырлы сөз айтыңдар. Өйткені періштелер сендердің айтқандарыңа «амин» дейді»» деп айтқанын естідім. Әбу Сәләмә (р.а.) қайтыс болғанда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанына барып: «Уа, Алланың Расулі! Әбу Сәләмә қайтыс болды, (қалай дұға жасайын) деп сұрадым. ««Уа, Аллам! Мені де оны да кешір және маған одан кейін әдемі (қайырлы) құн нәсіп ет» деп дұға жасарсың» деді. Сосын Алла Тағала маған Әбу Сәләмәдан да қайырлысын, Мұхаммедті (с.а.у.) сыйлады».
Айша анамыздан кейін Пайғамбарымыздан (с.а.у.) ең көп хадис шәріп риуаят еткен әйел сахаба. Одан да балаларынан бастап көп рауи (хадис риуаят етуші) хадис риуаят еткен.
Хижри 59 жылы 84 жасында Мәдина Мүнәууәрада дүние салған және Бақи қабірстанына жерленген. Алла одан разы болсын!