Пайғамбарымыздың (с.ас) балуан Руканамен күресуі
Пайғамбарымыздың күрескені жайлы деректер көп. Соның бірегейі Мекке тұрғыны, ешкімнен жеңіліп көрмеген күрес шебері, балуан Рукана ибн Әбд Язидпен белдесуі еді.
⠀
Ибн Исхақ бұл оқиға туралы: «Бірде Пайғамбар (ﷺ) Руканамен кездесіп қалып, былай деді: «Ей, Рукана, Алладан қорқасың ба әрі менімен жекпе-жекке шыққың келе ме? Егер мен жеңсем, Алланың бірлігі мен Пайғамбарын мойындайсың ба?» деп сұрады. Рукана келісімін берді.
⠀
Пайғамбарымыз (ﷺ) онымен күресіп, Рукананы жеңіп кетеді. «Жеңілген күреске тоймайды» демекші, Рукана Алла елшісін қайтадан жекпе-жекке шақырады. Сөйтіп олар үш рет күресіп, барлығында Алла Елшісі (ﷺ) жеңіске жетеді.
⠀
Жеңіліп көрмеген Рукана осы оқиғадан кейін Исламды қабылдаған. Кей деректер бойынша Мекке қаласы алынғаннан кейін Рукана да мұсылман атанған. (әл-Хаким, Әбу Дәуіт және әт-Тирмизи).
⠀