Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүзігінде не жазылған?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ең кішкентай саусағына күміс жүзік таққан. Ол жүзікте: «Мухаммадун Расулуллаһ» яғни, «Мұхаммед Алланың елшісі» деп жазылған.
Ал, Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) жүзігінде: «Нима әл-Қадиру Алла» яғни, «Алла аса құдіретті» деп жазылған.
Омар ибн әл-Хаттабтың (р.а.) жүзігінде: «Кәфа бил мәути уайзан йа Умару», - деген сөйлем жазылған. Бұл дегеніміз: «Уа, Омар! Саған сабақ ретінде өлім жеткілікті» деген мағынаны білдіреді.
Үшінші халифа Осман ибн Аффанның (р.а.) жүзігінде: «Әманту билләһи мухлисан» деген жазу бар. Ол жазу: «Шынайы түрде Аллаға иман еттім» деген мағынаны білдіреді.
Ілімнің қақпасы атанған Әли ибн Әбу Тәліптің (р.а.) жүзігінде мынадай сөз жазылған: «Әл-мулку лилләһ» яғни, «Барлық билік (басқару) Алланың құзырында» деген мағынада.