ПАСЫҚ АДАМ, ОЛ КІМ?
Алла Тағаланың барлық әмір-бұйрықтарына қайшы іс істеген күнәһар, жаман мінезді, жаманшылық істеуді әдет, дағдыға айналдырған кісіні әбден пасық деуімізге болады.
Ал енді фиһқ тұрғысынан келгенде, Алланы бүтінбөлек мойынсынудан бас тартқан, Оған қарсылық танытқан, басқаша айтқанда үлкен күнә істеп немесе үнемі күші күнәні істейтін, тура жолдан шыққан кісіні пасық дейді.
Пасықтықты жалпы үш топқа бөлуге болады:
1. Күнәнің жаман екенін қабыл еткенімен, кейде күнә істеу;
2. Жасалған күнәні үнемі істеу;
3. Харам мен жаман екендігін жоққа шығара отырып бір күнә істеу.
Осындағы пасықтықтың соңғысы күпірлікке апарады да, дінмен болған байланысын үзеді. Мысалы, харам болған нәрсені халал деп санап, ішімдік ішу, зина жасау сияқты.
Бір сөзбен айқанда, Құран Кәрімнің кейбір аяттарында әлгі пасықтық күпірлікпен синоним ретінде қолданылады. Айталық, Бақара сүреснің мына аятына ден қойыңызшы:
- (Ей, Алланың елшісі!) Біз саған сөзсіз, ап-айқын (иләһи мақсатты бүкпей, шәк-шүбәға қалдырмайтындай) аяттарымызды түсірдік, бұларға тек пасықтар ғана қарсы шығады.
Бұл сүреден өзге де, басқа да аяттардан (Юнус, 10/33, Мәйдә, 5/81/) пасықтық туралы біршама мәлімет алуға болады.