«Періштенің құлағына шалынсын» деген сөз дұрыс па? Періштенің құлағы бар ма?

«Періштенің құлағына шалынсын» деген сөз дұрыс па? Періштенің құлағы бар ма?

Ассаламуғалейкум!
1. Осы "періштенің құлағына шалынсын" деген сөз дұрыс па? Олар ғайып нәрсе ғой.
2. Оларда шынымен құлақ бар ма? Біздің сөзімізді естуі үшін құлаққа тәуелді ме?
3. Олар есту үшін міндетті түрде ауызбен айтуымыз керек пе?
4. Арақ ішерде осы сөзді айтады. Арақ бар жерде олар бола ма?
5. Және "періштенің құлағы бір күн жабық, қырық күн ашық" деген сөз қаншалықты рас? Бұл қай діннен келген сөздер?
Арине бұны білімсіздіктен сұрап отырмын. Толық мәлімет берсеңіздер. Алла разы болсын!
Жазира Қойшығұлова.

Жауап;
Уағалейкум әссәләм, Жазира! Сұрақтарыңызға жеке-жеке тоқталып өтелік.

1. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сахих хадисте: «Жаназаға барғанда жақсы нәрсе айтыңдар. Шынында, періштелер айтқандарыңа «әмин» деп тұрады», - деген[1]. Ендеше, ата-бабамыздың «періштенің құлағына шалынсын» деуінің астарында «соны естіп тұрған періште "әмин" десін» дегендік жатса керек. Яғни, тілеген тілегіңіз қабыл болсын деген сөз. Олай айтудың еш күнәсі жоқ.

2. Періштелерге де Алла тағала есту қабілетін бергені анық. Бірақ біздегі секілді оларға тән арнайы орган арқылы естиді ме, әлде жоқ па, ол жағы бізге беймәлім.

3. Көкейдегіні періштелердің білетіндігін кейбір риуаяттардан байқауға болады. Мысалы, Бухаридың кітабында келген сахих хадисте: «...Кімде-кім, бір жақсылық жасауға оқталып, бірақ оны жасай алмаса, онысын Алла тағала өз құзырында «толық жақсылық жасады» деп жазып қояды...» - делінген.

Осы хадистің шархында (түсіндірмесінде) белгілі хадисші ғұлама ибн Хажар әл-Асқаләни (м.1372-1448ж.) былай деп кетеді:

«Адамның көкейіндегі нәрселерден періштенің хабардар екендігіне осы хадис дәлел. Онысы Алланың білдіруі арқылы болуы мүмкін немесе іштегіні біле алатын қабілет жаратуы арқылы болуы мүмкін»[2].
Ендеше, тілімізбен айтпасақ та іштей тілеген тілегімізге де періштелер «әмин» деп тұрады деуге негіз бар.

4. Арақ ішкен кісінің дұғасы қабыл болмайды. Тіпті кейбір хадисте: «Кім де кім, шарап ішіп, мас болса, оның қырық күн (сабахән) намазы қабыл болмайды...»[3], - делінген. Оның жасаған күнәсін періштелер амал дәптеріне жазып тұрады.

5. Ал, «періштенің құлағы бір күн жабық, қырық күн ашық» деген сөздің шариғатта негізі жоқ. Шариғатта:
« مَّا يَلْفِظُ مِن قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ - Аузынан бір сөз шығарса болды, алдында аңдушы (періште) дайын»[4], - делінген. Аталмыш сөз әлдебіреудің қиялынан туындаған ой болса керек. Аллаһу аъләм. 

www.islam.kz/

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста