Пітір садақаның көлемі қанша?

Пітір садақаның көлемі қанша?

Мен мешітке барып, пітір садақа берсем деп жүрмін. Бірақ неше теңге беруім керек, 77 теңге ме, әлде 777 теңге беруім керек пе? Жалпы пітір садақаның көлемі қанша?
Айдана,
Алматы қаласы
Қазақстанда пітір садақаның мөлшері әрбір адамға 200 теңге деп белгіленген. Жалпы, пітір садақасын беру - жағдайы бар мұсылман адамға уәжіп, яғни парызға жақын амал. «Пітір» сөзі арабшадан аударғанда «Жаратылыс» деген мағынаны береді. Ол – Алла разылығы үшін берілетін жан садақасы. Яғни, әр адам өмірге келгені үшін, отбасы мүшелерінің, ата-ананың амандығы үшін Рамазан айында пітір садақасын беруі керек. Оны берген адам келер Рамазанға дейін Алла Тағаланың қорғауында болады. Сондықтан пітір садақасын берген абзал. Ал мүмкіндігі болмаса, оны бермесе де болады, ол күнә болып саналмайды. Ал жағдайы бар бола тұра, оған немқұрайлылық таныту дұрыс емес. Пітірді міндетті түрде мешітке әкеліп беру деген де сөз жоқ. Жетім-жесірлерге, білім жолында жүрген студентке, аз қамтамасыз етілген отбасыларға да ұсынса болады. Бұл – адамның өз ықтиярында. Сондай-ақ белгіленген мөлшерден, яғни 200 теңгеден асырып беруге де болатынын еске салуымыз керек. Әрине, ол үшін де сауап жазылады.
Негізі Рамазан айы басталған күннен бастап пітір садақасын бере беруге болады. Десе де, оның сауабы мол болатын уақыты бар. Ол Рамазан айтының алғашқы күнінде күн шыққаннан, айт намазы басталғанға дейінгі аралық. Осы уақытта пітір садақасының сауабы 100 есеге дейін еселенеді. Бірақ солай екен деп әбігерленудің реті жоқ. Асылы, Рамазан айы басталысымен пітір садақасын беруге асыққан абзал. Бастысы – ниетіңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста