Қабірді көргенде бет сипау дұрыс па?

Қабірді көргенде бет сипау дұрыс па?

Ассалаумағалейкум! Бізде көлікпен зират жанынан өтіп бара жатқанда бет сипап жатады. Мұндай шариғатта бар ма? Яғни, қабірдің жанынан өтіп бара жатқанда бет сипау дұрыс па? Ернат.

Уағалейкумуссалам! Ернат, Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) сүннеті бойынша қабірге келген адам сол жерде жатқан әруақтарға Алладан кешірім тілеп, дұға етеді. Бұл – сауапты іс. Сахих Муслимде риуаят етілген хадисте Жәбрәйіл періште Мұхаммед Пайғамбарға «бақиғ қабіріне[1] барып ол жердегі жатқандарға «истиғфар» (кешірім тіле) ет!» деген Құдайдың бұйрығын жеткізеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.у) Жәбірейіл айтқан қабірге келіп, қолын көтеріп дұға етеді. Үйге оралысымен Айша анамыз: «(Қабірдегілерге)Не дейін?», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «(Қабірге барғанда) былай де: «Уа мүмин, мұсылман қабір иелері! Алла Тағала біздің өлілерімізге де, тірілерімізге де рақым етсін. Алла қалаған күні біз де сендердің қатарларыңа қосыламыз»[2], – деп жауап берді.+

Қазақтардың қабір қасынан өтіп бара жатып бет сипауы Пайғамбарымыздың (с.ғ.у) осы сүннетінен шыққан дүние. Алайда, тек бет сипап қана қоймай сол жерде жатқандарға іштей Алладан рахым тілеген дұрыс. Сонда сіздің әрекетіңіз құр бет сипағандық емес, Пайғамбарымыздың сүннетін орындағандық болмақ.
[1] Мәдине қаласының оңтүстік шығысында орналасқан сахабалардың мәйіті жерленген қабыр. Бұны «Жәннәтуль Бақиғ» деп те атайды. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста