Қадір түні дастархан жаю керек пе?

Қадір түні дастархан жаю керек пе?

Кейбіреулер Қадір түні «Қыдыр ата келеді, сондықтан өзің күтіп отырмасаң да дастарханыңды жайып, терезеңді ашып қой», - деп кеңес беріп жатады. Расында да дастархан жаю керек пе?
Айнаш,
Қызылорда қаласы
Бұл сұраққа исламтанушы Оспан Мерғали жауап береді:
–Өкінішке орай қазіргі таңда көптеген мұсылман бауырларымыз діни білімдерінің аздығынан Қадір түнін өзгеше түсініп, дастархан жайып, түрлі тағам әзірлеп, ақ киінген Қыдыр Атаны күтеді. Қыдыр Ата келіп, шаңыраққа береке, байлық сыйлайды деп сенеді. Алайда бұл қате түсінік. Жоғарыда айтылғандай, Қадір түнінде жеті қақ көктен Алланың әмірі бойынша періштелер жерге түсіп, мұсылмандардың тілеген дұға-тілектерін Аллаға жеткізеді. Қадір түнінде Алла Тағаланың разылығы үшін жасалған әрбір халал іс-құлшылық болып табылады. Мысалы, білім іздену, намаз, Құран оқу – осының барлығы құлшылық. Тек қана дастархан жайып қойып, түнді құлшылықсыз, ғибадатсыз өткізсе, бұл амалдың еш сауабы болмайды. Бұл жайында хазіреті Айша анамыз пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): -«Уа, Рсуллалаһ! Қадір түнінде қайтіп дұға етейін?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз былай деп жауап береді: -«Ей, Раббым, сен өте кешірімдісің, кешіргенді жақсы көресің, мені де кешіре гөр», - дейді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Рамазан айының барлық түндерін қадірлеп, соңғы түндерді ұйқысыз ғибадаттармен өткізген.
Әр мұсылман өмірінің басты мақсаты Алланың разылығына жетіп, жәннатқа кіру. Жәннатты үміт ету. Ал жәннат төрт түрлі мүмінді ерекше күтеді:
Біріншісі - осы айда арнайы Құран оқыған адам;
Екіншісі - ораза кезінде өсек-өтіріктен, дау-жанжалдан аулақ, тіліне сақ болған адам;
Үшіншісі - аш адамдарға және ораза тұтушыларға тамақ бергендер. Алла Тағала ондай қайырым жасағандарға кәусар суынан ішкізеді. Оны ішкендер ешқашан шөлдемейді және жәннат иесі болады;
Төртіншісі - Рамазанда арнайы ораза тұтқан адамдар.
Әр мұсылман үшін - өмірін құлшылықпен өткізіп, Алла Тағаланың разылығын табу ең басты мақсат болып табылады. Осы мақсатқа жетуде Қадір түнінің алатын орны ерекше. Себебі бұл түнде жасалған ғибадат құлшылықты Алла Тағала мың айда жасалған ғибадаттан артық қабылдайды, яғни 83 жыл бойы жасалған ғибадатпен теңестіріледі.
Қасиетті Құранның Қадір сүресінде: «Негізінен Құранды Қадір Түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесін бе? Қадір түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жебірейіл (ғ.с) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады. Қадір кеші: Рамазан айының кеші», - деп айтылған. Осы сүреде айтылғандай бұл түн мың айдан да қайырлы. Әлем мұсылмандары үшін өмірлік қағиданың негізі болып табылатын қасиетті Құран Кәрім Хазіреті Пайғамбарымызға.(с.ғ.с) осы айда түсіріле бастаған. Бұл түнде періштелер жерге түсіп, тіленген дұға-тілектері Алла Тағалаға жеткізеді. Сондықтан осы түнді барлық мұсылмандар құлшылықпен өткізіп, дұға тілейді. Себебі бұл түнде Алла Тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық - несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазады.
Қадір түнінің нақты уақыты анық белгілі емес. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірі екендігіне әсіресе, тақ түндерін іздеу керектігін нұсқайды. Себебі Расулуллаһ (с.ғ.с.) Рамазанның соңғы он күндігін мешітте өткізіп: «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінен іздеңдер», - деп айқан. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндерінің біріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді.
Бұрын өмір сүрген үмметтердің өмірлері шамамен 500 жылды құраса, қазіргі үмметтердің өмірлері 100 жылға да жетпейді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырларында мұсылмандар үшін мың айдан артық жасалған ғибадаттың сауабын алу, әрине мүмкін емес. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағала: «Уа, Раббым, менің үмметімнің өмірлері қысқа, амалдары аз» - деп дұға еткен. Сонда Алла Тағала Пайғамбарымызға Қадір түнін сыйлады және былай деді: «Қадір түні саған және сенің үмметіңе мың айдан артық».
Қадір түнінің өзге түндерден ерекше екендігіне мынадай дәлелдер келтіруге болады:
1. Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Махфуздан» дүние көгіне, Бәйтул Иззәтқа Қадір түні түскен. Бұл - азамат үшін өте маңызды оқиға.
2. Бұл түнгі ғибадат - құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық.
3. Алла Тағала адамдардың тағдырындағы келесі жылы болатын жазмыштарды періштелеріне бұйырады. Абдуллах ибн Аббас (р.л.ғ.) және Имам Әбул-Хаттаб әл-Басаридың айтуынша, бұл түні келесі жылға дейін болатын әр түрлі маңызды оқиғалар туралы Алла Тағаланың тағдыры періштелеріне аян болады».
4. Имам Сәһил ибн Абдуллах: «Алла Тағала бұл түні мүмін құлдарына рахымын төгіп, кешірім сыйлады», -дейді.
5. Бұл түні Рух (Жәбірейлі періште) пен көптеген періштелер жер бетіне түседі. Имам Хамд ибн Ахмад: «бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша - жер беті періштелерге сыймай кетеді», - деп көрсеткен.
Алла елшісі (с.ғ.с.) «Кімде - кім Қадір түні артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылқпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі».
Он сегіз мың ғаламның патшасы, қайырымды, мейірімді Аллаға мың да бір шүкір! Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері, мешіттеріміздің саны артып, жастарымыз дінге ден қойып жатыр. Мешіттердің іші жамағатқа толып, халқымыздың діни сауаттылығы артып келеді. Қадір түні сияқты мүбәрәк түндерде мешітке жиналатын жамағаттың көптігі қайран қалдырды. Бұл әрине, дініміздің көркейіп келе жатқандығының бір дәлелі. Сондықтан, барша мұсылман қауымына дініміз ары қарай өркендеп, қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларын, Қадір түнінде тілеген дұға-тілектерді Алла Тағала қабыл қылсын демекпін!
Айта кетейін, қасиетті қадір түні 26-нан 27-не қараған түні аталып өтіледі. Айт намазы 28-шілде дүйсенбі күні таңғы сағат 6:30-да оқылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста