Қадір түнінің белгілері қандай?
Менің сұрағым, қасиетті Қадір түнінің белгілері қандай? Қадір түніне дәл келу (табу) үшін Рамазанның барлық түндерін қалай өткізу керек?
Асылхан, Жетісай қаласы
Рамазанның барлық түнін Қадір түні деп ойлап әрекет етсек Қадір түніне дәл келген боламыз. Әр күні ең аз дегенде мыналарды орындау керек:
1). Құптан намазында зәм сүре ретінде «Қадір» сүресін оқу керек. 2). Қадір түнінде оқылатын дұғаны оқу керек. 3). Бір-екі бет Құран кәрім оқу керек.
4). Дін кітаптарынан бір-екі бет оқу керек. 5).Аз да болса садақа беру керек.
6). Түнде сәре уақытында, екі рәкат намаз оқып, «Сілсілие алие» деп аталатын әулиелерді атап, бұл ғалымдардың құрметіне деп дұға ету керек. 7).Күндізін де түні секілді ғибадатпен өткізу керек.
Қадір түнінің белгілері: аспан ашық және тыныш болады, ыстық та суық та болмайды. Ертеңіне күн қызарып шуақсыз туады. Қадір түнінде ит дауысы естілмейді деген ғалымдар да болған. Хазреті Убәйд бин Омардың айтып бергені: Қадір түнінде теңізге түскен едім. Суын ішкенімде тұзды емес еді, тұщы және жағымды еді.
Хадис шәрифтерде былай бұйырады:
«Қадір түні аспан ашық және жағымды болады. Суық және ыстық емес, таңертеңгісін күн қызарып шығады».
«Қадір түні аспан ашық болады, ыстық та, суық та болмайды. Аспан бұлтсыз болады. Жаңбыр және жел болмайды. Ол түннің таңының белгісі күннің шуақсыз шығуы».
«Қадір түнінің таңында күн шуақсыз шығады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді».