Қайтыс болған адамға Құранның сауабы жете ме?

Қайтыс болған адамға Құранның сауабы жете ме?

Сұрақ: Қайтыс болған адамға Құран бағыштап оқылса, оған сауабы жете ме?
Жауап: Сіздің қандай да болсын сол кісіге сауабы барсын деп жасаған игі дұғаңыз, оқыған Құран хатымыңыз немесе берген садақаңыз, тіпті сол кісінің атынан барған қажылығыңыз (үлкен, кіші) барлығы Алла қаласа ол кісінің артында қалған салихалы ұрпағының жолдаған сауаптары жазылатын амал дәптеріне міндетті түрде жазылады.
Сөзімізді Алла елшісінің (с.ғ.с) хадистерімен дәлелдей түссек.
Ибн Аббас: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с) келіп, анасының өмірден озғанын естіртті де: «Оның атынан садақа берсем, оған пайдасы тие ме?» - деді. Пайғамбар: «Иә!» – деп жауап берді. Ол: «Менің құрма бағым бар. Шынымен де, соны анамның атынан садақа еткеніме сені куә етемін», – деді деген. (Сахих әл-Бұхари, 2/102)
Әбу Һурайра Алла елшісінің (с.ғ.с):
«Расында, адамның жәннатта дәрежесі көтерілгенде ол: «Бұл қалайша?» – дейді. Сонда оған: «Балаңның саған тілеген дұғасы арқылы», – делінеді». (Сунан ибн Мажаһ. 2/1207)
«Мүмін дүниеден озған соң амалы мен жақсылықтарынан пайдасы тиетіні – үйреткен және таратқан ілім, артында қалдырған салиқалы баласы, мұра етіп қалдырған мұсхаф, не тұрғызып кеткен мешіт, не жолда қалғандар үшін салып кеткен үй, не ағызып кеткен өзен, не дені сауда, тірі кезінде мал-мүлкінен бөліп шығарған садақа, бұлар оған дүниеден озған соң пайдасын тигізеді», - деп айтқанын жеткізген.

muftyat.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста