ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ОРАЗА ҰСТАМАУҒА ШАРИҒАТ РҰҚСАТ БЕРЕДІ?

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ОРАЗА ҰСТАМАУҒА ШАРИҒАТ РҰҚСАТ БЕРЕДІ?

Ораза ұстау әр ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған  ер және әйел адамға міндет, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Алла Тағала Құран кәрімде : « Рамазан айы  сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын»- деп бұйырады.  Демек, ораза ұстау, иман келтірген әр мұсылманға міндет. Ал ауырған, науқас, жолаушы болса, жүкті әйел немесе бала емізетін әйел, қарт адам немесе тағыда басқа қиын жағдайда не істейді? Қалай болады деген сұрақ туындайды.   

 

Көрсетілген аяттың жалғасында: «Ал біреу нақас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын, Алла Тағала сендерге (әр нәрсенің) жеңілдігін қалайды, қиындықпен қинамайды», – делінген («Бақара» сүресі, 185-аят).

 

 Сондықтан Құдай Тағала ораза ұстауға шамасы келмейтін кісілерге жеңілдік береді. Яғни, оразаны Рамазан айынан басқа бір уақытта ұстаса, оның орнына підия беріп, оразаның ауыртпалығынан босатылады.

 

ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары  Хасан Аманқұл: (Ғибадат) кітәбінда: Шариғат бойынша мына жағдайларда ораза ұстамауға рұқсат етіледі:

 

Науқас. Мерт болуы, белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қауіпі күшейгенде, сондай-ақ білікті әрі әділетті мұсылман дәрігердің кеңесімен ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Дерт өз жанына немесе қайсыбір ағзасына зақым болуынан қорықса, оразасын ашады деп бірауыздан пәтуа берілген. (Фәтәуаи Һиндия).

 

Алла Тағала Құранда: «Науқастанып қалғандар және сапарда жүргендер басқа күндері ораза ұстап орнын толтырсын», – деген («Бақара» сүресі, 185-аят).

 

Жолаушы. Жолаушының жолы жеңіл әрі қиындықсыз болса да, оған ораза ұстамауға және намазын қысқартып оқуға рұқсат етіледі. Сапарға шыққан адам ораза ұстаса да, ұстамаса да болады. Мүмкіндік болса, ұстағаны жақсырақ.

 

Әнас ибн Малик (оған Алла разы болсын): «Біз Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге жиі сапарда болатынбыз. Ораза ұстаған адам ораза ұстамаған адамды, ал ораза ұстамаған адам ораза ұстаған адамды сөкпейтін», – деген  (Бұхари).

 

Ораза ұстағаннан кейін жолға шықса, оразаны бұзуға рұқсат берілмейді. Жолда оразасын ашып жіберсе, оның қазасын өтейді, бірақ кәфарат төлемейді. Жолға шықпай бұрын ауызын ашса, кәфарат беру керек болады.

 

Қысым жасалу. Қамау, ұру, кісендеу секілді жеңіл қысым жасап, өлексе, қан, шошқа етін жеуге немесе арақ ішуге мәжбүрленсе, арам нәрсені ішіп-жемеу керек. Ал өлтіру, ағзасын жарақаттау, қатты ұру секілді ауыр қысым жасаумен зорланса, оған оны жеуге рұқсат етіледі.

 

Сонымен қатар қатты қысыммен күпірлік сөзін айтуға, намаз және оразаны орындамауға мәжбүрленсе, сенімін жоғалтпаған халде күпірлік сөзін айтса, ғибадатты тоқтатса, діннен шықпайды, күнәһар болып есептелмейді. Бірақ күпірлік сөзін айтпай, ғибадатты орындап, сол күйде мерт болса, сауапқа ие болады (Раддул-мұхтар).

 

Жүктілік және бала емізу. Жүкті және емізулі баласы бар әйелдер өзі немесе жатырдағы баласы үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Бұл мәселенің шешімі тәжірибе арқылы ойдың басымдылығы немесе білікті әрі әділ мұсылман дәрігердің кеңесімен айқындалады (Мәрақил-фәлах). Жүкті және бала емізетін әйел өзінің не баласының денсаулығына зиян келеуінен қорықса, оразасын ашып қаза қылады. Ол үшін кәфарат төлемейді. «Хуласа» кітабында да осылай айтылған (Фәтәуаи Һиндия). Алайда, жүкті әйел мен бала емізетін әйел ораза ұстай алса, онда олар ораза ұстауы керек. Себебі, Алла Тағала: «Ораза ұстаудың өздеріңе пайдалы екенін білесіңдер ғой», – дейді  («Бақара» сүресі, 183-аят).

 

Шөл мен аштық. Қатты шөл не қатты аштық өлімге немесе қауіпті ауруға себеп болса, онда оразаны тоқтатып, оны кейін өтейді. Өйткені, шариғат бойынша адам баласы өмірін сақтауға міндетті. Құран Кәрімде: «Өз қолдарыңмен өздеріңді өлімге байламаңдар», – дейді  («Бақара» сүресі, 195-аят). Бірақ, денсаулыққа зияны тимейтін аз ғана шөл мен аштықты сезініп, оразаны тоқтата салу дұрыс емес.

 

Кәрілік. Ораза ұстауға шамасы келмейтін кәрі ер мен әйелге ораза ұстамауға және оны өтемеуге рұқсат етілді, бірақ ұстамаған оразаның әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандыруға (підия беруге) бұйырылды.

 

Алла Тағала Құранда: «Орынды себептермен оразаны соңына дейін ұстай алмайтындар үшін күніне бір міскін адамды тамақтандыру – парыз», – деген  («Бақара» сүресі, 184-аят).

 

Хайыз және нифас. Етеккірі келген және босанғаннан кейінгі қаны келген әйелдер ораза ұстамайды, бірақ кейін қазасын өтейді (Хуласа).   Айша анамыз: «Бізден кім хайыз не нифас болса, оған оразаны қаза етіп, намазды қаза етпеуді бұйыратын», – деген (Бухари).

 

Балалық және ақылы кемдік. Балиғат жасына толмаған бала және ақылы жоқ адам ораза ұстауға міндетті емес. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «(Жақсы және жаман істерді жазатын періштенің) қаламы үшеуден көтерілген (жазбайды): баладан, ол кәмелетке толғанша; ұйқыдағы адамнан, ол ұйқысынан оянғанша; және ақылдан алжасқан, ол ақыл-есін жиғанша», – деген (Әбу Дәуіт).

 

Ақылынан алжасқан адам өз іс-әрекеті үшін жауап бермейді, алайда белгілі бір уақытта ғана ақылы ауытқып, басқа уақытта ақыл-есі дұрыс болса, онда ол ақыл-есі сау кезде ораза ұстауы керек. Ақылы ауысқан кезде, ол оразадан босатылады. Оразаны бастап, сосын есінен танған болса, бұл оның оразасын бұзбайды. Бұл пікір қояншық (эпилепсия) ауыруымен ауыратын адамдарға да қатысты.

 

Ауыр жұмыс. Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері (ұшқыш, дәрігер т.б.) мен ауыр жұмыс иелері (кенші, металлург, қауіпті нысанда істейтін құрылысшы т.б.) ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады.  

 

Сонымен қатар елдің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілген кезде ораза тұту әскердің қырағылығы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса, оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі.

 

Алайда жұмыс немесе қызметтің ауыр болуына қарамай, ораза ұстауға мүмкіндік табылса және оның оразасы өзіне немесе өзгеге зияны тимесе, ондай адамға ораза ұстау міндет болады.

 

Жаратушы Алла Тағала елімізге бірлік, ынтымақ берсін, жұртымыз аман, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын. Алла тағала ораза айына аман есен жеткізіп, парызымызды өтеуге нәсіп қылғай.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста